07.06.2007, 15:49 2865

Қазақстанда капитал мен мүлікті заңдастыруға қатысты іс-шара соңғы рет өткізіліп отыр және оның мерзімі ұзартылмайды - елбасы

АСТАНА. 7 - маусым. Kazakhstan Today. Қазақстанда капитал мен мүлікті заңдастыруға қатысты соңғы іс-шара жүргізіліп жатыр және оның мерзімі ұзартылмайды, деп мәлім етті елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің бейсенбідегі бірінші интернет-конференциясында.

"Қазір мемлекеттің ерік-жігерімен өте маңызды іс-шара өтуде - бұл капитал мен мүлікті заңдастыру. Мүлікті заңдастырудың соңғы мерзімі - осы жылдың 1-тамызы. Заңдастыру мерзімі ендігәрі созылмайды",- деді президент. "Бұл мемлекеттің осы сияқты соңғы іс-шарасы, және оның аяқталуына 2 айдан аз уақыт қалды", - деп ескертті елбасы.

Н. Назарбаев Қазақстанда 360 млрд теңгенің, немесе 3 млрд АҚШ долларының мүлігі заңдастырылғандығын хабарлады. Бюджетке төленген салық 17 млрд теңгені, немесе 200 млн АҚШ долларын құрап отыр. Заңдастырылған мүліктердің негізгі бөлігі - жылжымайтын мүлік. Ол 180 млрд теңгеге заңдастырылған, бұл жалпы соманың 51 пайызы. Заңдастырылған ақша-қаражат 144 млрд теңгені, немесе жалпы көлемнің 41 пайызын құрап отыр.

Мемлекет басшысы, "ақшаны заңдастыру - көлеңкелі экономикадан шығу" екенін атап көрсетті. "Адам өз елінің алдында адал әрі тиімді еңбек етеді және де өзінің мүлкін жасырмайды. Тәуелсіздік алғаннан бергі 15 жыл ішінде біз көптеген оқиғаларды бастан кешірдік: жетілмеген заңдар, заң бұзушылықтар. Бірақ бұл барлығын жазалау қажет деген сөз емес",- деді президент. Ол қазақстандықтарды осындай сәтті пайдаланып, өз мүліктерін заңдастыруға шақырды. "Біз заңдастырудан кейін салықтан жалтарғандардың барлығын іздестіреміз",- деп қорытындылады елбасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны