29.10.2007, 17:40 3298

Қазақстанда "Қару" іс-шарасы барысында 404 бірлік атыс қаруы тәркіленген

Қазақстанда "Қару" іс-шарасы барысында 404 бірлік атыс қаруы тәркіленген.

Астана. 29-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасында "Қару" іс-шарасы барысында 404 бірлік атыс қаруы тәркіленген, оның ішінде 25 ойындылы қару, олардың 12-сі бесатар, 2-і тапанша, 10-ы оқпен атуға арнап өзгертілген газ тапаншасы. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің ақпарат және қоғамдық байланыстар орталығынан хабарлады.

Баспасөз орталығының ақпараттарына сүйенсек, 20-сы мен 24-ші қазан аралығында жүргізілген жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында полицейлер қолдан жасалған 20 бірлік қару, 328 бірлік тегіс оқпанды атыс қаруын тәркілеген, олардың ішінде 85 кезік, және 31 бірлі газбен атылатын қару. Сонымен қатар, жедел шара барысында 671 бірлік оқ-дәрі, 4,5 кг астам жарылғыш заттар, 7 жарылғыш құрылғы, соның ішінде 1 граната тәркіленген.

Баспасөз қызметінің хабарлауыша, іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 251-бабы бойынша (қару-жарақты, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) 16 қылмыстық іс және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 252-бабы бойынша (заңсыз қару жасау) 8 қылмыстық іс қозғалған.

Сондай-ақ, баспасөз орталығының хабарлауынша, Алматыда криминалдық полиция қызметкерлері нөмірі өшірілген Макаров тапаншасын, "Шпагина" тапанша-пулеметін тәркілеген. Шығыс Қазақстан облысының Аягөз қаласында "Белка" тіркелмеген құрастырылған аң аулау қару тәркіленген. Ақмола облысының Заводской аулында 400 грамм аммонит жарылғыш заты, детонатор капсюлі және тұтандырғыш сым тәркіленген.

"Жедел-профилактикалық шаралар республика аумағында атыс қаруын пайдаланып жасалатын, адам өлтіру, денсаулыққа зардап келтіру, қарақшылық шабуыл сияқты қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және ашу мақсатында жүргізілген",- деп хабарлады баспасөз орталығындағылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны