14.03.2007, 18:24 3400

Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы дамыту жөніндегі 2015-жылға дейінгі мемлекеттік бағдарлама бекітілді

АСТАНА. 14-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы, сондай-ақ, республиканың қорғаныс-өнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2015-жылға дейінгі мемлекеттік бағдарлама бекітілді. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында еліміздің қорғаныс министрінің орынбасары Николай Поспелов хабарлады.

"Жуырда ғана президенттің жарлығы шығып, Қазақстанда қару-жарақ пен әскери техниканы, сондай-ақ, республиканың қорғаныс-өнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама бекітілді",- деді вице-министр. "Бұл бағдарламада қорғаныс министрлігі мен республиканың қорғаныс-өнеркәсіптік кешені 2015-жылға дейін жүзеге асыратын барлық шаралар, оның ішінде қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеу, модернизациялау мен жөндеу жайлы жан-жақты көрсетілген",- деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында "барлық деңгейде екі жақты кездесулер , соның ішінде қорғаныс министрі мен "Рособороноэкспорт" басшылығының кездесуі өтті". "Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымының әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясы жобасын жасаған әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі құжаттар бізге үлкен көмек. Оларды талқылау бізге модернизация мәселелері бойынша ілгері жылжи беруге септігін тигізеді",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны