15.04.2014, 20:14 3492

Қазақстанда қаржы капиталы мен мүлікті заңдастыру бойынша заң жобасы дайындалады

"Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанда 2014 жылдың 1 маусымынан бастап қаржы капиталы мен мүлікті заңдастыру бойынша заң жобасы дайындалады", - дейді Е.Досаев.

Алматы. 15 сәуір. Kazakhstan today. Қазақстанда 2014 жылдың 1 маусымынан бастап қаржы капиталы мен мүлікті заңдастыру бойынша заң жобасы дайындалады. Бұл туралы кеше ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлімдеді.

"Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстанда 2014 жылдың 1 маусымынан бастап қаржы капиталы мен мүлікті заңдастыру бойынша заң жобасы дайындалады", - дейді Е.Досаев.

Министр мәліметінше, 2014 жылдың 1 маусымына дейін заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар үшін қолма-қол қаражат алуды шектеуді бекіту бойынша ұсыныстар енгізілетін болады.

"Биылғы жылдың қыркүйек айына дейін "заманауи сауда нысаны" ұғымын анықтау талаптарын анықтайтын заң жобасы дайындалады. 2018 жылдан бастап аталмыш талапқа сай келмейтін сауда нысандарына тыйым салынады", - дейді министр.

Айта кету керек, сауда нысандарын заманауи форматқа өтуін қолдау үшін "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау механизмі дайындалады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны