04.02.2014, 19:37 3627

Қазақстанда кәсіпкерлерді ғаламтор арқылы оқыту жоспарлануда -А.Мырзахметов

"Ғаламтор арқылы білім беру өте маңызды. Мемлекет басшысы да бұл туралы айтқан болатын. Шағын кәсіпкерлік ортаға өтуі керек. Бұл жерде басты фактор ақпараттандыру дәрежесін, құзіреттілік пен жалпы білім беру трендін арттыру", - деді А.Мырзахметов.

Алматы. 4 ақпан. Kazakhstan today. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлер үшін ғаламтор арқылы білім беруді қолға алмақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлімдеді.

"Ғаламтор арқылы білім беру өте маңызды. Мемлекет басшысы да бұл туралы айтқан болатын. Шағын кәсіпкерлік ортаға өтуі керек. Бұл жерде басты фактор ақпараттандыру дәрежесін, құзіреттілік пен жалпы білім беру трендін арттыру", - деді А.Мырзахметов.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасы сонымен қатар шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына кедергісін келтіріп тұрған бірқатар мәселелерді де атап өтті. Осыған орай ҰКП алдағы уақытта шешімін табу үшін жұмыс істейтін түйіні тарқатылмаған мәселелердің реестрін құрумен қазір айналысып жатыр.

А.Мырзахметовтың айтуынша, келешекте аталмыш реестр электронды форматқа ауыстырылатын болады. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлердің алдарынан шыққан мәселелерді ғаламторға жариялауға мүмкіндік бермек.

"Жекелеген мәселелерді сараптай отырып, біз нақты мәселелерді анықтап, сол мәселені шешу үшін заңнамалық және нормативті базаға өзгерістер енгізу жолын қарастырамыз", - дейді А.Мырзахметов.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында шағын және орта кәсіпкерліктің Жалпыхалықтың еңбек қоғамының мықты экономикалық негізі екенін айтқан болатын. Оның дамуы үшін жеке меншік институтын заңнамалық нығайту бойыша кешенді шешімдер қажет.

ҚР Президенті Үкіметке Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен біріге отырып бастауыш кәсіпкерлерге әдістемелік көмектің тиімді механизмін құруды тапсырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны