06.10.2016, 14:49 4571

Қазақстанда кәсіпкерлерді тексеру екі есеге төмендеді, қылмыстық істер үш есеге қысқарды - Бас прокуратура

Оныӊ айтуынша, бақылау-қадағалау функцияларын оӊтайландыру, бизнеске деген талаптарды қысқарту бойынша ұсыныстар дайындалды, олар қазіргі уақытта уәкілетті мемлекеттік органдарда пысықталуда.

Астана. 6 қазан. Kazakhstan Today -Толық емес төрт айда прокурорлық араласу нәтижелері бойынша кәсіпкерлерді тексеру екі есеге төмендеді, ал оларға қатысты қылмыстық істер үш есеге қысқарды. Бұл туралы бүгін Бас прокуратурада алқа отырысында ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Алқа отырысында "Кәсіпкерлік саласындағы прокуратура қадағалауы" тақырыбында өткен форум ұсыныстарын іске асыру бойынша Жол картасын орындаудыӊ алғашқы нәтижелері талқыланды, деп хабарлайды Бас прокуратураныӊ баспасөз қызметі.

Бас Прокурор үш ай бұрын Бас прокуратураныӊ форумында тұсау кесер рәсімі өткен жол картасыныӊ аясында жүргізілген жұмыстардыӊ алғашқы нәтижелерімен бөлісті. Жоба проблемалы мәселелерді бірлесіп шешуге және елде қалыпты бизнес-климатын құруға жақсы мүмкіндік береді.

"Форум өткеннен кейінгі кезеӊде, толық емес төрт айда прокурорлық араласу нәтижелері бойынша кәсіпкерлерді тексеру екі есеге төмендеді; қылмыстық істер үш есеге қысқарды (2015 жылдыӊ 3 тоқсанында 4687-ден 2016 жылдыӊ сәйкес кезеӊінде 1324-ке дейін); СДБТ тіркеуінсіз хабарламалар бірден уәкілетті органдарға берілген жағдайлар төрт есеге көбейді (2015 жылдыӊ 3 тоқсанында 690-нан 2016 жылдыӊ сәйкес кезеӊінде 2538-ге дейін)",- деді бас прокурор.

Оныӊ айтуынша, бақылау-қадағалау функцияларын оӊтайландыру, бизнеске деген талаптарды қысқарту бойынша ұсыныстар дайындалды, олар қазіргі уақытта уәкілетті мемлекеттік органдарда пысықталуда.

Бизнеске жұртшылықты тарта отырып, атқарылып жатқан жұмыстар шеӊберінде колонияларда 26 кәсіпкер өз істерін бастады, 400-ден аса қамаудағы адам жұмысқа тартылды. Сондай-ақ ауылдық әкімдер үшін бизнес дамытудыӊ толық жоспары әзірленді, ол өӊірлерде апробациядан өткізілуде.

Бас прокуратураныӊ сайтында арнайы формуляр орналастырылған, ол бизнесті дамыту үшін кедергі келтіретін нормаларды көрсетеді. Бұл сілтемелер "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ және "Нұр Отан" партиясыныӊ барлық өӊірлік сайттарында қолжетімді, деді ол.

Белгіленген жоспарларды атай отырып, Жақып Асанов осы іс-шаралардыӊ уақтылы және сапалы іске асырылуын басты назарға алу керек екенін, онда негізгі үйлестірушілер Ұлттық экономика министрлігі және "Атамекен" Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болу қажет екенін айтты.

Жол картасын іске асырудыӊ алдыӊғы қорытындысын жасай келе, Бас Прокурор аумақтық прокуратураларды және мемлекеттік органдарды бизнес қауымдастығымен конструктивті өзара іс-қимыл жасауға шақырды.

Бас прокуратураныӊ барлық мүдделі тараптармен талқылауыныӊ қорытындысы бойынша өзектендірілген Жол картасы бекітілді, онда бизнесті қорғаудыӊ жекелеген іс-шараларына түзетулер жасалды.

Осы Картаны іске асыру шеӊберінде кешенді заӊнамалық және өзге де ұйымдастыру-практикалық шаралар ұсынылады.

Аталаған іс-шараға Парламент Сенаты мен Мәжілісініӊ депутаттары, Президент Икімшілігініӊ және Премьер-Министр Кеӊсесініӊ жауапты қызметкерлері, мүдделі орталық мемлекеттік органдардыӊ, Жоғарғы Соттыӊ, "Атамекен" Қазақстан Республикасыныӊ Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және "Нұр Отан" партиясы жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау республикалық қоғамдық кеӊесініӊ өкілдері қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны