21.09.2012, 12:47 8314

Қазақстанда Кәсіпкерлік кодексі әзірленуде

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 360 Қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңжобалау жұмыстарының 2013-2014 жылдарға арналған перспективалық жоспарында", 2013 жылдың 1-тоқсанында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің жобасын әзірлеуді аяқтау көзделген.

Астана. 21-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда Кәсіпкерлік кодексі әзірленуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 360 Қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңжобалау жұмыстарының 2013-2014 жылдарға арналған перспективалық жоспарында", 2013 жылдың 1-тоқсанында Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің жобасын әзірлеуді аяқтау көзделген.

Кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы жүйелеу шаруашылық жүргізуші субъектілер мүдделерін және олардың қызметтерінің барлық салаларын қозғайды, осының себебінен ғылыми және мерзімдік басылым беттерінде қызу пікірталастар туады.

Осыған байланысты 2012 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Иділет Министрлігі және Қазақстан Республикасының Заң шығару институты "Кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы жүйелеу: жай-күйі және перспективалары" тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны өткізетін болады.

Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға Қазақстанның, Ресейдің, Украинаның, Германияның ғалымдары, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысатын болады. Іс-шара қорытындылары бойынша кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы жүйелеу жөніндегі теориялық және практикалық ұсынымдар әзірленетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны