10.01.2018, 23:05 5798

Қазақстанда қазіргі жағдаймен 887 тегін дәрі-дәрмек атаулары сатып алынды

2018 жылға Бірыӊғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардыӊ тізіміне барлығы 1192 дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардыӊ атаулары кіреді.Медициналық ұйымдарға қажеттілік 200,2 млрд. теӊгені құрайды.

Астана. 10 қаӊтар. Kazakhstan Today -2018 жылға тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 887 дәрі-дәрмек пен медициналық бұйым сатып алынды. Қазіргі уақытта 492 атау бойынша әлеуетті өнім берушілермен шарт жасалды және баға парағы бекітілді, 395 атау бойынша әлеуетті өнім берушілермен шарт жасалу барысында.

Олардыӊ ішінде 443 дәрі-дәрмек отандық тауар өндірушілерден, 82-тікелей шетелдік зауыт-дайындаушылардан, 14 дәрі ЮНИСЕФ арқылы сатып алынды. Сонымен қатар екі кезеӊді тендер қорытындысы және бір көзден сатып алу бойынша 40 орфанды препарат сатып алынды. Бұдан бөлек 90 күндік қажеттілікті өтеу үшін бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алынған 328 атау да осыныӊ ішіне кіріп отыр.

Тікелей шартпен және отандық тауар өндірушілер шартымен дәрілерді Бірыӊғай дистрибьютордыӊ қоймаларына жөнелту 2017 жылдыӊ желтоқсанынан басталды. 90 күндік қажеттілікті өтеу үшін бір көзден сатып алу тәсілімен сатып алынған дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізу шарт бойынша 10 қаӊтардан басталады.

90 күндік қажеттілікті өтеу шеӊберінде сатып алу процесі жалғасуда: 181 - сатып алуға жарияланды, оныӊ ішінде 150 лот қайталанады, 28 дәрі бойынша дәрі-дәрмек және медициналық бұйым атауында сатып алу көлемі өзгерді

90 күн қажеттіліктерді сатып алу шеӊберінде сатып алу рәсімдері жалғасуда: 181 - сатып алуға, оныӊ ішінде 150 лот қайтаданжарияланды,28 препараттар бойынша дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдар тізімінде жаӊа атаулар пайда болғаннан кейін 2018 жылға бірыӊғай дистрибьютордан сатып алынатын көлемдері өзгерді, сондай-ақ АИТВ-пен ауыратын балаларға арналған 2 антиретровирустық препарат пен панкреатин капсулалары 150 мг бар.Қазіргі уақытта 41 дәрі-дәрмектерге отандық өндірушілермен шарттар жасалды. Қазіргі кезде 8 атау тікелей шетелдік өндірушілерден сатып алынды, ал тағы біреуі Біріккен Ұлттар Ұйымыныӊ Даму Бағдарламасы арқылы сатып алынды.

Сондай-ақ, 9 айлық сұранысты қамтамасыз ету үшін 488 атау сатып алу бойынша екі кезеӊдік тендерлік рәсімдері жүргізіліп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, олардыӊ 357 аукционға жіберіледі.

2018 жылға Бірыӊғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдардыӊ тізіміне барлығы 1192 дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардыӊ атаулары кіреді.Медициналық ұйымдарға қажеттілік 200,2 млрд. теӊгені құрайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны