29.01.2010, 14:23 3004

Қазақстанда кейінгі жылдарда өмірдің ұзақтығы 65 -тен 68 жасқа дейін ұлғайды - Қазақстан президенті

Қазақстанда кейінгі жылдарда өмірдің ұзақтығы 65 -тен 68 жасқа дейін ұлғайды - Қазақстан президенті

Астана. 29 қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда кейінгі жылдарда ғұмырдың ұзақтығы 65 -тен 68 жасқа дейін ұлғайды. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қазақстан халқына арналған дәстүрлі жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біз 1997 жылы еліміздің 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын қабылдап, ұзақ мерзімді күн тәртібін, еліміздің басты мақсаттары мен басымдықтарын белгіледік. Олар бұдан кейін логикалық даму сипатына өзіміздің 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспарымызда ие болды. Біз жоспарымыздағыдай өмір кешіп, жоспарлаған нәтижелерге жеттік", - деді президент.

"Тіпті 2008 жылы-ақ, 2000 жылғымен салыстырғанда, яғни, жоспарланған мерзімнен екі жыл бұрын біз республиканың Жалпы ішкі өнімін екі еселедік, мемлекеттің өзіне жүктеп алған әлеуметтік міндеттемелерін тиімді орындадық. Осы жылдарда айлық орташа жалақы көлемі бес есе, орташа зейнетақы көлемі үш есе өсіп, кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі төрт есе - 50-ден 12%-ға дейін төмендеді, халық денсаулығына қатысты басты көрсеткіштер жақсарды", - деді мемлекет басшысы.

"Күтілген өмір ұзақтығы 65 -тен 68 жасқа дейін ұлғайды, ананың өлімі екі есе азайды, бала туу көрсеткіші бір жарым есе өсті, 10 жылда елімізде 652 мектеп, 460 денсаулық сақтау нысаны салынды", - деді Н. Назарбаев.

"Бүгінде біздің елімізде әлемдік деңгейдегі медициналық орталықтар бар: Ұлттық ана мен бала орталығы, нейрохирургия институттары, биыл кардиохирургиялық орталық пайдалануға берілді. Бұған қоса барлық облыстарда медициналық жабдықтар мен қызмет көрсету сапасы жақсарып келеді, жаңа жабдықтар пайда болуда, жаңа мамандар келіп жатыр. Осының арқасында біз еліміздің мыңдаған азаматтарының өмірін сақтаймыз", - деді президент.

"Біздің жетістіктерімізді мойындаған Біріккен Ұлттар Ұйымы өзінің баяндамасында 2009 жылы Қазақстанды жоғарғы деңгейдегі адами әлеуеті бар елдердің санатына қосты. Бұл біздің әл-ауқатымыздың өсе түскеніне даусыз дәлел", - деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны