08.09.2016, 16:16 3634

Қазақстанда қылмыстардыӊ алдын алу үшін байланыс пен интернетті бұғаттау қарастырылған

Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасы аясында байланыс желілері бойынша шұғыл іздестіру шараларымен айналысатын органдар байланыс желілері мен байланыс құралдарын бұғаттауға рұқсат беру көзделіп отыр.

Астана. 8 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасы аясында байланыс желілері бойынша шұғыл іздестіру шараларымен айналысатын органдар байланыс желілері мен байланыс құралдарын бұғаттауға рұқсат беру көзделіп отыр.

"Сондай-ақ ұялы телефондары саудасын тәртіпке келтіру мақсатында IMEI-коды бірдей телефондарды республика территориясына әкелуге тыйым салу қарастырылған. Ол үшін ел аумағында қолданылып жүрген барлық құрал-жабдықтардыӊ IMEI-код базасын құру жоспарланып отыр. Соныӊ бәрін абоненттер нөмірлерімен тіркеуге алу қажет. Осыныӊ арқасында құқық қорғаушылар шұғыл әрекет ете алады. Сондай-ақ контрафактілік өнімдердіӊ көлемін азайтып, ұялы телефондарды ұрлау әрекеттердіӊ санын төмендетуге мүмкіндік бар", - дейді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасыныӊ орынбасары Марат Қалқабаев.

Оныӊ айтуынша, қаржы министрлігі терроризмге қатысы бар деген операцияларды бақылай алады. Министрлікке кіретін қаржы мониторинг комитетіне құқық қорғау, арнайы және тағы бақа органдардыӊ ақпарат алмасу жүйесіне кіруге рұқсат беріледі.

Айта кетейік, "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасы аясында экстремистік және террористік қылмыстар үшін жазалау шараларын күшейту, қару-жарақтыӊ заӊсыз айналымы, заӊсыз көші-қон және есірткі бизнесі саласындағы қылмыстар бойынша балама тергеуді енгізу, атуға дайын тұрған қару-жарақ сатуға тыйым салу, қару-жарақ, оқ-дәрі мен жарылғыш заттары бар нысандарын күзететін ұйымдарға ерекше талатар белгілеу, қару-жарақ айналымына, оны сақтау тәртібіне бақылауды күшейту, соныӊ ішінде азаматтық және қызметтік қару-жарақ пен оқ-дәрілердіӊ айналымы саласында жұмыс істейтін, сондай-ақ күзет қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субьектілерді мемлекеттік бақылаудыӊ ерекше тәртібін қолға алу, экстремизм мен терроризмге ықпал ететін діни топтар мен бірлестіктердіӊ іс-әрекеттеріне тыйым салу, күзет құрылымдарыныӊ және террористік қауіп тұрғысынан дұрыс күзекте алынбаған нысан иелерініӊ терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заӊнаманы сақтамағаны үшін, сондай-ақ арнайы теxникалық құралдардыӊ жарамсыздығы үшін әкімшілік жауапкершілігін белгілеу, жеке тұлғаларды тіркеу тәртібін бұзған адамдар үшін кейбір мемлекеттік қызмет көрсетуге рұқсат беруді шектеу, елді мекендерде өмір сүрудіӊ санитарлық нормаларын белгілеу, сондай-ақ заӊнаманы бұзған жағдайда шетелдіктерді елден шығару үшін негіздемелерді нақтылауға бағытталған түзетулерді бірқатар заӊнамалық актілерге енгізу шаралары қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны