16.03.2018, 23:17 7530

Қазақстанда "Қоғамдық бақылау картасы" жобасы іске қосылды

Бірінші. Қазіргі таӊда еліміздегі мемлекеттік қызметшілердіӊ 90% дерлік аймақтық деӊгейде қызмет атқарады. Мұнымен қоса, олардыӊ жалақылары министрлік қызметшілерініӊ жалақыларынан айырмашылығы айтарлықтай үлкен. Мысалы, облыс әкімдігініӊ бас маманы орташа есеппен орталық мемлекеттік органныӊ бас сарапшысынан 70% кем жалақы алады

Астана. 16 наурыз. Kazakhstan Today - 2018 жылдыӊ 14 наурызында мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері, "Қоғамдық бақылау картасы" жобасыныӊ іске қосылуы жөнінде брифинг өткізілді.

Қарағанды облысында 637 мемлекеттік орган өз қызметтерін атқаруда. Олардыӊ 484 жергілікті атқарушы және өкілдік органдар, ал 153 орталық мемлекеттік органдардыӊ аумақтық бөлімшелері болып табылады.

Мемлекеттік қызметшілердіӊ штаттық саны 7337-ні құрайды, шын мәнінде 6624 қызметші жұмыс істейді. Облыстыӊ мемлекеттік органдарындағы бос жұмыс орындарыныӊ саны - 713. Бос жұмыс орындарын толтыру мақсатында былтырғы жылы 2716 бос лауазымға 966 конкурс жарияланды. Үміткерлердіӊ саны 2844-ті құрады. Бір бос жұмыс орынға 1,05 адамнан келді.

Облыс мемлекеттік органдары конкурстық комиссияларыныӊ ашықтығы мен әділеттілігін қамтамасыз ету мақсатында өткізілген барлық конкурстарға қоғамдық бірлестіктерден, депуттатық корпустан және үкіметтік емес ұйымдардан бақылаушылар және сарапшылар қатысты (100%).

Конкурстан барысында үміткерлердіӊ болмауына байланысты 1181 бос жұмыс орындары толтырылмады.

Конкурс үміткерлерініӊ жетіспеушілігініӊ негізгі себебі заӊнама білімі бойынша тестілеуден өтуін растайтын сертификаттары бар азаматтардыӊ болмауы және атқарушы корпустағы жалақы мөлшері болып табылады.

Тестілеуге келер болсақ, 2017 жылы әкімшілік мемлекеттік қызметке орналасу үшін 3352 адам тестілеу өтті.

Олардыӊ 1724 немесе 51,4%, яғни тестілеу тапсыруға келгендердіӊ жартысынан көбі шектік мәнге жете алмады. Тестілеу өткендердіӊ жалпы саныныӊ 48,4% құраушы 1624 адам шектік мәннен жоғары баллдарға ие болды.

Құқық қорғау қызметіне түсу үшін 3426 адам тестілеу өтті.

Олардыӊ 1926 немесе 56,2% шектік мәннен аса алмады, ал тестілеу өткендердіӊ жалпы саныныӊ 43,5% құраушы 1493 адам шектік мәннен асатын баллдарды алды.

Мемлекеттік қызметшілердіӊ жалақысына қатысты. Осы жылдыӊ басынан бастап еліміздіӊ 4 мемлекеттік органында жалақы төлеудіӊ жаӊа жүйесі апробациядан өтуде.

Оны әзірлеу үшін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "100 нақты қадам" Ұлт жоспарыныӊ (5 және 6 қадамдар) жүзеге асырылуы аясында 2015 жылдан бастап жұмыстар жүргізді.

Қазірде қызметшініӊ айлығы тек қана оныӊ еӊбек өтіліне, иеленіп отырған лауазымыныӊ санатына байланысты.

Мұнымен қоса, атқарып отырған жұмыстыӊ күрделілігі және қызметкердіӊ тиімділігі ескерілмейді.

Сыйақы ретіндегі ынталандыру төлемдері әдеттегідей бірдей мөлшерде төленеді.

Қазірде әрекеттегі жалақы төлеу жүйесі 14 жыл бұрын енгізілген және осы уақыт аралығында ешқандай концептуалдық өзгерістерге ұшырамаған.

Нәтижесінде, орталық мемлекеттік органдар мен аймақтағы мемлекеттік органдар қызметшілерініӊ, сондай-ақ мемлекеттік және жеке сектор қызметкерлерініӊ еӊбекақы төлеуінде дисропорциялар пайда болды.

Жаӊа жалақы төлеу жүйесі мұндай мәселелерді жояды.

Оныӊ басты ерекшелігі ол мемлекеттік қызметшініӊ жауапкершілік аймақтары мен нәтижелілін ескеретін екі бөліктен тұрады.

Бірінші бөлігі - ол қызметшініӊ "Факторлық-баллдық шкала" негізінде кепілді лауазымдық айлығы, екіншісі - бонустар.

Бірінші. Қазіргі таӊда еліміздегі мемлекеттік қызметшілердіӊ 90% дерлік аймақтық деӊгейде қызмет атқарады.

Күнделікті қызметте олар халықтыӊ өмір сүру деӊгейіне әсер ететін шешімдерді қабылдайды.

Мұнымен қоса, олардыӊ жалақылары министрлік қызметшілерініӊ жалақыларынан айырмашылығы айтарлықтай үлкен.

Мысалы, облыс әкімдігініӊ бас маманы орташа есеппен орталық мемлекеттік органныӊ бас сарапшысынан 70% кем жалақы алады.

Жаӊа тетіктіӊ енгізілуімен айырмашылық орташа есеппен 10% құрайды. Бұл аймақтардан кадрлардыӊ кетуін азайтады, жергілікті жерлерді мемлекеттік аппараттыӊ тұрақтылығын қамтамасыз етіп, кадр әлеуетін күшейтеді.

Екінші. Ұсынылып отырған жүйеде әрбір мемлекеттік орган өзініӊ бөлек бонус қорын қалыптастырады

Оныӊ мөлшері мемлекеттік органныӊ барлық бағыттары бойынша тиімділігіне тура пропорционал.

Мұндай жағдайда әрбір қызметші жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүдделі болады.

Қазіргі таӊда сыйақылық төлемдердіӊ мөлшері мемлекеттік органныӊ үнемдеуініӊ болуына байланысты.

Көбінесе, бұл аудандық және ауылдық деӊгейдегі қызметшілердіӊ мүлдем сыйақы алмауына әкеледі.

Жаӊа жүйеніӊ басымдығы - сыйақылық төлемдерініӊ орнына барлық деӊгейдегі қызметшілер жыл қорытындысы бойынша кепілді бонустарды алады. Бұл үшін қызметшілер қызметін бағалаудыӊ жыл сайынғы бағалау жүйесі енгізілген.

Осы жылдан бастап бұл жоба пилоттық тәртіпте іске қосылды.

Апробацияға - Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Иділет министрлігі, Астана және Маӊғыстау облысыныӊ әкімдіктері қатысуда.

Пилоттыӊ аяқталуынан соӊ жобаныӊ республика ауқымында енгізілуініӊ мерзімдері туралы шешім қабылданатын болады.

Жалпылай алғанда, "100 нақты қадам" Ұлт жоспарына сәйкес жаӊа тәсілдердіӊ енгізілуімен Елбасыныӊ мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік орган қызметіне қосқан үлесіне қарамастан, бірдей жалақы төлеуден бас тарту жөніндегі тапсырмасы жүзеге асырылатын болады

Сонымен қатар, мемлекеттік аппараттыӊ тұрақтылығы қамтамасыз етіледі, мемлекеттік емес сектордыӊ үздік кадрларыныӊ тартылуы және мемлекеттік сектор жалақысыныӊ еӊбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін болады.

Мысал ретінде келісіні келтіруге болады.

2018 жылдыӊ ақпанында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Қарағанды облысы бойынша департаменті бірнеше бос лауазымдарына конкурс өткізілді, былтырғы жылғы (2017 жылы) конкурстармен салыстырғанда конкурс қатысушыларыныӊ сапалық құрамы түбегейлі өзгерді. Былтырғы жылы өткізілген конкурстарға негізінде ЖОО түлектері және жұмыссыздар қатысатын. Ал биылғы жылы төменгі лауазымдағы конкурстарға әрекеттегі мемлекеттік қызметшілер, соныӊ ішінде басшылық буынныӊ өкілдері және жеке секторда жұмыс істейтін азаматтар да болды.

Жалақыныӊ артуына байланысты былтырғы жылмен салыстырғанда үміткерлердіӊ де саны өсті. 11 төменгі лауазымға 2017 жылы өткізілген 4 конкурсқа 66 үміткер қатысқан. Ал биылғы жылы тек бір конкурсқа 69 үміткер қатысты, олардыӊ ішінен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Қарағанды облысы бойынша департаменті анағұрлым жақсы дайындалған жалпы үмітерлер саныныӊ 2,9% ғана құрайтын 2 үміткерді таӊдады.

Бұл өз кезегінде мемлекеттік қызмет имиджініӊ артуын білдіреді, қорыта келгенде мұндай жалақы төлеу жүйесініӊ болуымен үміткерлердіӊ саны күн санап артатын болады.

Мемлекеттік қызмет мәртебесін арттыру, мемлекеттік басқарудыӊ алдыӊғы тәжірибелерін тарату, кәсіби білім мен қабілеттерге ие мемлекеттік қызметшілерді анықтау, оларды көтермелеу және олардыӊ ынталандыру жүйесін жетілдіру мақсаттарында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен жыл сайын "Қазақстан Республикасыныӊ үздік мемлекеттік қызметшісі" атты байқау өткізіледі.

Байқау екі кезеӊде өткізіледі:

1) I кезеӊ - аймақтық деӊгей (облыстық деӊгей) құрамына қоғамдық бірлестіктер және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері кірген Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Қарағанды облысы бойынша департаменті жанында құрылған аймақтық комиссиямен өткізіледі. Стратегиялық бағдарламалық құжаттар бойынша білімін анықтау тестілеуініӊ, ситуациялық жағдайларды шешу бойынша бағасыныӊ қорытындылары бойынша екінші кезеӊге қатысуға ұсынылатын байқаудыӊ бірінші кезеӊініӊ жеӊімпаздары анықталатын болады. Қазіргі таӊда аталмыш байқауға қатысуға облыстыӊ 26 мемлекеттік қызметшісі ниет білдірді.

2) II этап - "Қазақстан Республикасыныӊ үздік мемлекеттік қызметшісі" анықталатын республикалық конкурстық комиссиясымен өткізілетін республикалық деӊгей.

Республикалық комиссия әр үміткермен жеке жобалық жұмысты қорғау нысанындағы әӊгімелесуді өткізеді.

Жеке жобалық жұмыста мемлекеттік органдар қызметініӊ тиімділігін арттыру бойынша экономикалық немесе әлеуметтік әсері бағаланған жаӊарту ұсыныстары болуы тиіс.

Жаӊартылған ұсыныс нақты, дәйекті және бұрын тәжірибеде болмаған қолданыста жоқ ойды ұсынуы маӊызды.

Жеӊімпаздар "Қазақстан Республикасыныӊ үздік мемлекеттік қызметкері" төс белгісімен, дипломмен және естелік сыйлықтармен марапатталады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда назар алдын алу мен профилактикаға ауысқаны барлығымызға белгілі.

Осыған байланысты Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әрқашан сыбайлас жемқорлықтыӊ алдын алу бойынша қоғаммен өзара әрекеттесудіӊ жаӊа әдістерін зертейді және қолданады.

Осындай мысалдардыӊ біріне "Қоғамдық бақылаудыӊ картасы" жобасын жатқызуға болады.

Жобаныӊ мәні мен түсінігі өте қарапайым:

"Мысалға, егер ауыл аймақтарда жол жөндеу сапасыз жүргізіліп жатса немесе су құбыры жұмыс жасамаса, иә болмаса басқа да сұрақтар туындап жатса, кез келген адам бізге ақпарат жолдай алады, тиісінше ол ақпарат жедел түрде қарастырылады.

Илеуметтік желілерде тиісті парақшалар жасалады".

Біз жүргізген талдауға сәйкес, "Қоғамдық бақылау картасы" екі мақсатта қолданылуы мүмкін:

1) азаматтар үшін өтініштерге арналған жол сілтеуіш ретінде қызмет атқара алады;

2) сондай-ақ, бізге жоғары қауіпті аймақтарды және қабылданған шаралардыӊ нәтижелігін көрсете алады.

Қолдағы мүмкіндіктер мен ресурстардыӊ негізінде жобаныӊ жүзеге асырылуы үш түрлі форматта жүргізіледі:

Бірінші - қоғамдық бақылау картасы, танымал әлеуметтік желілер, колл-орталықтардыӊ негізінде құрылған;

Екінші - қоғамдық бақылау картасы, азаматтарға арналған Qamqor мобильді қосымшасы арқылы қамтамасыз етіледі;

Үшінші - қоғамдық бақылау картасы, аймақтық арнайы мониторингтік топтардыӊ желісі негізінде құрылған.

Бірінші формат бойынша, қоғамдық бақылау картасын құрудыӊ қарапайым және еӊ оӊай тәсілі әлеуметтік желі немесе телефон байланысыныӊ қолданылуы.

Мысалға, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасыныӊ жеке поштасына небәрі 2 ай ішінде 160-қа жуық өтініштер келіп түскен.

"Қоғамдық бақылау картасы" жобасыныӊ әлеуметтік желілерді қолдану арқылы жүзеге асырылуы біз үшін бұрынғы белгісіз жасырын күйдегі заӊ бұзушылықтарды ашуға және сыбайлас жемқорлық әрекеттерін азайтуға мықты серпін береді деген ойдамыз.

Бүгінгі таӊда, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Қарағанды облысы бойынша департаменті Facebook, Instagram, VK сынды әлеуметті желілердегі арнайы парақшалармен қамтылған, сондай-ақ Вацап және Телеграм мессенджерлері арқылы хабарласуға болатын арнайы телефон нөмірі бөлінген.

Жалпы, бұл форматтыӊ артықшылығы азаматтар үшін ыӊғайлы болуында. Оларға қандай да бір қосымшаны жүктеудіӊ қажеті жоқ. Күнделікті қолданыстағы әлеуметтік желілерді пайдаланып, немесе қоӊырау шалса жеткілікті. Сонымен қатар, азаматтар сурет жіберіп қана қоймай, бейнематериалдарда жолдай алады.

Келіп түскен өтініштер міндетті түрде қаралып, әлеуметтік желідегі парақшаға өтініш берушіге жауап беріледі.

"Қоғамдық бақылау картасы" жобасыныӊ жүзеге асырылуыныӊ келесі форматы - азаматтарға арналған "Qamqor" мобильді қосымшасын енгізу.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл агенттігініӊ Қарағанды облысы бойынша департаментімен ұйымдастырылған 2017 жылдыӊ қыркүйегінде Орталық байланыс қызметі алаӊындағы "Мемлекеттік ашықтық және есептік - сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманауи саясаттыӊ негізі" атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда аталмыш бағдарламаға дайындықтыӊ басталуы жайлы алғашқы рет жарияланды.

Мобильді қосымша Бас прокуратураныӊ Арнайы есепке алу және статистика комитетініӊ бір топ қызметкерлерімен әзірленді. Қосымша арқылы кез-келген азамат әр түрлі құқық бұзушылық фактілері бойынша сурет салу арқылы құзыретті органға сілтеме жасамай-ақ өтініш жолдау мүмкіндігіне ие.

Осы жерде жобаныӊ басты артықшылығы көрініс табады - азаматтар үшін, өздері кәу болған құқық бұзушылық қандай органныӊ құзыреттілігіне жататыны жайлы ойлаудыӊ қажеті жоқ.

Qamqor мобильді қосымшасын жарты жыл ішінде пилоттық қолданудыӊ аясында республика бойынша 1500-де аса өтініштер келіп түскен.

Үшіншіден, қоғамдық бақылау картасын арнайы аймақтық мониторингтік топтыӊ желісі арқылы жүзеге асырылуы ұсынылады.

Аймақтық арнайы мониторингтік топтар Қарағанды облысыныӊ барлық қала және аудандарында құрылған. Аталмыш топтар құрамына қоғам өкілдері - аймақ бойынша белсенді және танымал адамдар кіреді.

Онымен қоса, қала және аудан бойынша мониторингтік топтар жетекшілерініӊ байланыс мәліметтері, телефон нөмірлері, электронды мекенжайлары қоғамдық бақылау картасына енгізіледі.

Мониторингтік топтардыӊ кез-келген мүшесі тікелей немесе мониторингтік топ жетекшісі арқылы туындаған мәселелер, төртінші деӊгейлі бюджетті игеру жайлы ақпарат жолдай алады.

Қайта құрылған мониторингтік топтардыӊ желісі арқылы ұсынылып отырған форматтағы қоғамдық бақылау жобасы, еӊ алдымен, олардыӊ аймақтар мен ауылдардағы рөлін арттырады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны