01.04.2014, 19:56 7810

Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру науқаны басталды

Бүгін, 2014 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасында көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны басталды.

Алматы. 1 сәуір. Kazakhstan today. Бүгін, 2014 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасында көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны басталды.

ҚР Қорғаныс министрлігінен хабарлағандай, "Искери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке әскерге шақыру туралы" 2014 жылғы 14 наурыздағы № 768 Жарлығына сәйкес бүгін республиканың барлық қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінде әскерге шақыру комиссияларының жұмысы басталады.

2014 жылғы көктемде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына 11 мыңнан астам адам әскерге шақырылатын болады. Қорғаныс министрлігі үш мыңға жуық жас буынды Қарулы Күштер қатарына шақырса, қалғандары Ішкі әскерлер мен Шекара қызметі, Республикалық ұлан, Төтенша жағдайлар министрлігі әскери бөлімдеріне жіберілетін болады.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдері мен мекемелерін жас буынмен жасақтау мақсатында ҚР Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметке шақырылуы тиіс әскерге шақырылушыларды алдын ала зерделеу және іріктеу жөніндегі іс-шараларды өткізді. Ағымдағы жылдың 10 қаңтар мен 28 наурыз аралығындағы кезеңінде әскерге шақыру контингентін зерделеу жүргізді. Зерделеу әскерге шақырылушының өзімен, оның ата-анасымен немесе олар тәрбиелеуінде болған адамдармен, сондай-ақ әскерге шақырылушы жұмыс істейтін (оқитын) кәсіпорын (оқу орны) әкімшілігінің өкілдерімен жеке әңгімелесу жолымен жүргізілді.

Жеке әңгімелесулер барысында жас жігіттердің моральдық және іскерлік қасиеттері, денсаулық жағдайы, дене тұрғысынан дамуы, жалпы білім беру және арнайы даярлығы, отбасы жағдайы туралы мәліметтер нақтыланды.

Искерге шақырылушылардың жеке істерін сапалы зерделеу үшін облыстардағы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, ішкі істер органдары, АХАЖ, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау органдарының өкілдерімен жұмыс жүргізілуде.

Биыл әскери бөлімдерді жасақтау тек аумақтан тыс қағидат бойынша жүзеге асырылатын болады. Іріктеу және әскери бөлімдерге бөлу кезінде әскерге шақырылушылардың әскерге шақыруға дейін алынған қолда бар мамандығы ескерілетін болдаы.

Көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны 2014 жылғы 27 маусымда аяқталады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны