10.01.2008, 18:44 3322

Қазақстанда көліктердегі өрт саны өскен - Төтенше жағдайлар министрлігі

Қазақстанда көліктердегі өрт саны өскен - Төтенше жағдайлар министрлігі

Астана. 10-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанға қолданылған көліктердің кеңінен тасымалдануы салдарынан көліктердегі өрт саны өскен. Бүгін Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметі комитетінің төрағасы Сергей Дыринның бизнес-қауымдастық өкілдерімен кездесуі барысында таратылған өрт ахуалына жүргізілген талдауда осындай мәліметтер келтірілген, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Республика аумағына шетелден әкелінетін қолданылған көліктер санының өсуі (басым бөлігі 80-ші - 90-шы жылдары шығарылған) көліктерде болатын өрт санының өсуіне әкеп соқтырды",- деп айтылған құжатта.

Сонымен қатар, "көлік иелері оларды сапасыз қосымша электр құрылғыларымен жабдықтайды, соның салдарынан көліктердегі шығатын өрттің негізгі себептері электр сымдарының қысқаша тұйықталуынан болады",- делінген құжатта.

Сондай-ақ, өртке қарсы қызмет комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, "қыс маусымында көліктердегі өрт көлік қозғалтқышын ашық отпен қыздыру барысындағы абайсыздықтан да болады".

Жалпы, комитеттің мәліметтеріне сүйенсек, 2007 жылы Қазақстанда көліктерде 1746 өрт шыққан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны