29.07.2013, 16:48 3597

Қазақстанда көліктік-логистикалық орталықтың базасында әуежайларды басқару департаменті құрылды

Қазақстанда көліктік-логистикалық орталық негізінде әуежайларды басқару департаменті құрылған, оған 11 әуежайдың акциялары тапсырылады, деп хабарлады Primеminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов.

Астана. 29-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанда көліктік-логистикалық орталықтың базасында әуежайларды басқару департаменті құрылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда көліктік-логистикалық орталық негізінде әуежайларды басқару департаменті құрылған, оған 11 әуежайдың акциялары тапсырылады,

деп хабарлады Primеminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Бекен Сейдахметов.

"Көліктік-логистикалық орталықтың базасында әуежайларды басқару департаменті құрылған, оған 11 әуежайдың акциялары тапсырылады", - деді Б.Сейдахметов.

Мұндай құрылымды құрудың мақсаты, ААК басшысы түсіндіргендей, аталған кәсіпорындардың менеджментін шоғырландыру, халықаралық стандарттар негізінде даму және басқару стратегиясын жасау, ақтық есепте бұл әуежайлардың қызметтерінің тиімділігі мен сапасын арттыруда көрінуі тиіс.

Мысалға, Б.Сейдахметовтің айтуынша, біздің әуежайлар бір әуе кемесіне 1,5 сағат қызмет көрсетеді, алайда халықаралық әуе хабтарының практикасында бұл процедура орта есеппен алғанда 40 минутқа дейін уақыт алады. "Осыған әуе кемелерін, және жердегі қызметтерді пайдалану тиімділігі байланысты", - деп атап өтті ол.

"Иуежайларды дамыту стратегиясына Lufthansa Consulting шетелдік компаниясымен тапсырыс берілген, ол авиациялық қызметтер нарығын талдаумен, эксплуатациялық шығындарды азайтумен, әуежайлардың коммерциялық тиімділігін арттырумен айналысады", - деп толықтырды ААК басшысы.

Бүгінгі таңда, Комитет төрағасының мәліметінше, республикалық маңыздағы 18 әуежайдың 10-ы шығынды болып табылады, негізінен бұл тасымалдау белсенділігі төмен өңірлік кәсіпорындарға қатысты.

Құн құрылымында ұшу сағатында әуежай қызметтері 12% құрайды, бұл әлем практикасына сәйкес келеді.

Сонымен қатар, табиғи монополиялар туралы заңнамаға әуежайлардан бейіндік емес қызмттен кіріс алуға шектеуді алып тастауға қатысты өзгерістер енгізілген.

Осылайша, соңғы 10 жылда 18 әуежайдың жартысында ұшу-қону жолақтарын жөндеу бойынша жұмстар жүргізілген, 11 әуежайда терминалдарды жөндеу жүргізілген.

Б.Сейдахметовтің айтуынша, Астана қаласындағы әуежайдың қазіргі терминалын кеңейту жоспарланған.

"ЭКСПО-2017 өткізуге дайындық аясында елорда әуежайы терминалының сыйымдылығын іс-шараға қаншама қонақ келетінін ескере отырып, шамамен 2 есеге арттыру жоспарланған. Қазіргі уақытта Астана қаласындағы әуежайды кеңейту бойынша жоспардың ТЭН әзірленуде", - деп түсіндірді ААК басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны