19.04.2013, 09:48 3234

Қазақстанда коммуналдық жылумен жабдықтау секторында энергия тиімділігін арттыру бойынша жоба аяқталды

"Біздің конференция ТКШ реформасы бойынша кешендік ұсыныстар жасауға бағыттылған, нақты айтқанда жылумен жабдықтауға қатысты коммуналдық жылумен жабдықтаудағы энергия тиімділігін арттыру бойынша табысты жобалардың біріне арналған", - деді С.Ким.

Астана. 19-сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда "Коммуналдық жылумен жабдықтаудың энергия тиімділігін арттыру үшін кедергілерді жою" атты коммуналдық жылумен энергия тиімділігін арттыру бойынша ауқымды жоба аяқталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы БҰҰДБ энергетика және қоршаған орта департаментінің директоры Станислав Ким мәлім етті.

"Біздің конференция ТКШ реформасы бойынша кешендік ұсыныстар жасауға бағыттылған, нақты айтқанда жылумен жабдықтауға қатысты коммуналдық жылумен жабдықтаудағы энергия тиімділігін арттыру бойынша табысты жобалардың біріне арналған", - деді С.Ким.

Сонымен қатар, ол "Коммуналдық жылумен жабдықтаудың энергия тиімділігін арттыру үшін кедергілерді жою" жобасын БҰҰДБ ҚР Үкіметімен бірге Жаһандық Экологиялық қордың қаржылай қолдауымен жасалғанын атап өтті.

Осылайша, Қазақстанның бірнеше қалаларындағы көп пәтерлі үйлерде 17 көрсету жобалары іске асырылды, төрт қаланың тұрғын үйлерін жаңғырту, энергиялық аудит жүргізу, елде бірінші энергосервистік компания құру үшін 6,6 млн. АҚШ доллар мемлекеттік және жеке меншік инвестициялар тартылды.

Бұдан өзге, барлық Қазақстан бойынша 700 ПИК қызметкерлеріне энергияны үнемдеу іс-шаралары оқытылып үйретіледі, қоғамды энергияны үнемдеу туралы хабардар ету бойынша ауқымды акциялар ұйымдастырылады.

"Энергиялық тиімділік жобаларын іске асыру арқылы БҰҰ Даму Бағдарламасы ҚР Үкіметіне "жасыл" экономиканы ілгерілетуге көмектеседі", - деп атап өтті БҰҰ Қазақстандағы Тұрақты өкілінің орынбасары Екатерина Паниклова.

Айта кету керек, бюджеті 3,2 миллионнан астам АҚШ доллары тұратын жоба 2007 жылы бастау алған болатын, жобаның басты мақсаты коммуналдық жылумен жабдықтауға инвестиция тарту үшін нормативтік-құқықтық шеңбер жасау, институтционалдық және қаржылық модельдерді енгізу.

Бұдан өзге, жобаны іске асыру жылдарында тұтынушы мен мемлекет арасындағы өзара әрекеттесудің сызбалары мен модельдері әзірленді, олар 2011-2020 жылдарға арналған ТКШ жетілдіру бағдарламасына енгізілді.

БҰҰДБ мәліметі бойынша жоба ұсынып отырған инвестиция тарту сызбалары өзінің жылу энергиясы мен коммуналдық шоттарды 10-35%-ға үнемдеуге мүмкіндік беретін болатынын көрсетіп берді.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада "жасыл" экономикаға үлес ретінде "Коммуналдық жылумен жабдықтаудың энергия тиімділігін арттыру" халықаралық конференциясы өтті.

Конференция жұмысына министрліктердің, ҚР Парламентінің, халықаралық ұйымдардың, энергия сервистік компаниялардың 150-ден астам өкілдері қатысты. Конференция ҒЭҚ/БҰҰ Даму бағдарламасы, ҚР Өңірлік даму министрлігі және "ТКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" АҚ ұйымдастырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны