27.10.2016, 14:38 3779

Қазақстанда қорғаныс пен әскери қызмет мәселелері бойынша ҚР кейбір заӊнамалық актілеріне өзгерістер жобасы әзірленді

Заӊ жобасын қабылдау мақсаты қолданыстағы заӊнаманы жетілдіру және әскери қызмет пен қорғаныс саласындағы құқықтық олқылықтарды, коллизияларды жою, сондай-ақ, әскери қызметшілердіӊ әлеуметтік және құқықтық қорғалуын кепілді түрде қамтамасыз ету болып табылады.

Астана. 27 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстанда "Қорғаныс пен әскери қызмет мәселелері бойынша ҚР кейбір заӊнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасы парламентке ұсынылды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігініӊ баспасөз қызметі.

Мекеменіӊ хабарлауынша, әлем мен өӊірдегі әскери-саяси жағдайды, жетекші әлем армияларыныӊ даму үрдісі мен қазақстандық Қарулы Күштерді дамыту перспективаларын талдау негізінде әзірленген енгізіліп жатқан өзгерістердіӊ өзектілігін атап өту қажет.

Заӊ жобасын қабылдау мақсаты қолданыстағы заӊнаманы жетілдіру және әскери қызмет пен қорғаныс саласындағы құқықтық олқылықтарды, коллизияларды жою, сондай-ақ, әскери қызметшілердіӊ әлеуметтік және құқықтық қорғалуын кепілді түрде қамтамасыз ету болып табылады.

Аталған заӊ жобасында соғыс уақытында мемлекеттіӊ, ҚР Үкіметініӊ жұмыс жасау тетігін жетілдіру қарастырылады, қорғаныс пен әскери қызмет аясында олардыӊ жүзеге асырып жатқан функциялары шеӊберінде Қорғаныс министрлігі мен Бас штабтыӊ құзыреттілігі талдап тексеріледі.

Қарулы күрестіӊ заманауи үлгілерініӊ пайда болуы, сондай-ақ, шетел мемлекеттерініӊ тәжірибесі аумақтық қорғаныстыӊ қолданыстағы жүйесін қайта қарау қажеттілігіне мәжбүрлейді. 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру шеӊберінде әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етудіӊ ортақ жүйесіне аумақтық қорғаныс жүйесін кіріктіру тұжырымдамасы әзірленді.

Одан басқа, заӊнамалық тұрғыда мемлекеттік қорғаныс тапсырысыныӊ тетігі жетілдірілді. Ол:

1) операторларды айқындау бойынша Үкіметтіӊ құзыреттілігін бекітуге;

2) МҚТ орындау бойынша операторлар мен уәкілетті ұйымдардыӊ құзырын бекітуге;

3) отандық жеткізіп берушілер мен өндірушілердіӊ кеӊ ауқымын тартуға мүмкіндік бере отырып, МҚТ құрамын кеӊейтуге мүмкіндік береді.

Искери қызметшініӊ жауынгерлік қабілетініӊ маӊызды құрамдасы оныӊ азық-түлікпен қамтамасыз етілуі болып табылады. Қорғаныс министрлігі кезеӊ-кезеӊмен әскери қызметшілерді азықпен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жүргізіп жатыр. Бүгінгі таӊда ұшу және инженерлік-техникалық құрам мемлекет есебінен азық-түлікпен қамтамасыз етілуде.

Заӊныӊ жаӊа жобасында мемлекет есебінен ұдайы әзірліктегі әскери бөлімдерде кіші офицерлер құрамы мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді азық-түлікпен (түскі аспен) қамтамасыз ету ұсынылады. Оныӊ үстіне, азықтыӊ құнын 1005 теӊгеден 1225 теӊгеге дейін ұлғайту мәселесі пысықталуда.

Заӊ жобасыныӊ қабылдануы әскери қызметшілер мен олардыӊ отбасы мүшелерініӊ әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, қызметтік жауынгерлік тыныс-тіршілік нәтижелерінде олардыӊ қызығушылығын және дербес жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Искери қызметтіӊ әлеуметтік аспектілері әскери қызметшілер мен арнайы мемлекеттік органдардыӊ қызметкерлеріне қатысы бар "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заӊға енгізілетін өзгерістерде көрсетілген.

Оныӊ ішінде, орындау кезінде ғана емес, әскери қызмет өткеру кезінде қаза болған әскери қызметшілердіӊ жесірлеріне қызметтік баспана беру ұсынылады. Бұл ретте ақшалай үстемақыныӊ көлемін жаӊа баспананыӊ құны негізінен есептеу ұсынылады.

Жалпы алғанда, ұсынылып отырған өзгерістер қорғаныс ведомствосыныӊ қызметін жетілдіруде жаӊа серпін береді. Теріс құқықтық және әлеуметтік-экономикалық салдарға әкеп соқтырмайды, делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны