05.05.2015, 19:00 4344

Қазақстанда қосымша құн салығын жою керек - Н.Назарбаев

Елімізде салық жинаудыӊ бұрынғы тетіктері ауысады. Бұл туралы бүгін Ақордада үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті

Астана. 05 Мамыр. Kazakhstan Today - Елімізде салық жинаудыӊ бұрынғы тетіктері ауысады. Бұл туралы бүгін Ақордада үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Салық жинаудыӊ тетіктері түбегейлі ауысады. Өте қиын және түсініксіз қосымша құн салығыныӊ орнына сатудан салық жинау тетігін енгізу керек, осы мәселені әбден зерттеу керек. Қосымша құн салығы бойынша салық қайдан, қалай келіп жатқаны белгісіз", - дейді Н.Назарбаев, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Бұл ретте Мемлекет басшысы "қосымша құн салығыныӊ орнына, сатудан салық жинау тетігін енгізсек ұтамыз", - дей келе, салық жинау тетігі айтарлықтай өзгеріске ұшырайтынын атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны