18.06.2013, 11:15 2678

Қазақстанда ҚР ТЖМ жұмыспен қамту орталықтары арқылы ведомстволық құтқарушыларды тартуды жалғастырады

Республикада жұмыспен қамту орталықтары арқылы ведомстволық құтқарушыларды тарту жұмыстары жалғасады, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің төтенше жағдайларды жою департаменті директорының орынбасары Алексей Советов.

Астана. 18-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда ҚР ТЖМ жұмыспен қамту орталықтары арқылы ведомстволық құтқарушыларды тартуды жалғастырады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Республикада жұмыспен қамту орталықтары арқылы ведомстволық құтқарушыларды тарту жұмыстары жалғасады, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің төтенше жағдайларды жою департаменті директорының орынбасары Алексей Советов.

"Министрлік жұмыспен қамту орталықтары арқылы республика азаматтарын ведомстволық құтқарушылар ретінде тарту жұмыстарын жүргізуде, басқаша айтқанда құтқарушы жасақшылар, олар су-құтқару қызметтерінде даярлықтан өтеді", - деді А.Советов.

Сонымен қатар, ол құтқарушылар суда құтқару дағдыларын үйренгеннен соң су қоймаларындағы жаппай демалу орындарында кезекшілікке тұратынын атап өтті.

Еліміздің су қоймаларында азаматтардың өлім-жітіміне жол бермеу үшін, әсіресе 2013 жылдың жүзу маусымында, министрлік 58 су-құтқару станциясының жеке құрамын, 22 құтқару бекетін, 7 оңтайлы-іздестіру тобын және су-құтқару қызметтерінің 13 авариялық-құтқару отрядын даярлап қойғанын айта кеткен жөн.

Бұдан өзге, жүзу маусымы ашылуының алдында алдын ала жүзуге және демалуға пайдаланылатын 4 мыңнан астам су қоймасының инвентаризациясы жасалды, қауіпті заттардың бар-жоқтығын тексеру үшін су қоймасының түбінде су асты жұмыстары жүргізілді, жүзуге жарамды 535 демалыс аймағы анықталған.

Осыған байланысты нақты иеленушілерге 960 су акваториясы бекітілген, ал 570 суды пайдаланушыға жаз мезгілінде облыстың су қоймаларында демалушылар үшін қауіпсіздік шаралары бойынша хат жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны