28.01.2014, 19:32 3146

Қазақстанда ҚТҚ басқарудың бірыңғай орталығы пайда болады - ҚОСРМ

Ведомство басшысының айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда қалдық өңдейтін зауыттар әкімдіктер мен қалдық өңдеу компанияларымен келісімшарттық құрылымның жетілмеуіне байланысты жұмыстарын кідіртетін оқиға орын алды.

Алматы. 28 қаңтар. Kazakhstan today. Қызметті шоғырландыру және барлық қызығушылық танытқан тұлғалардың сұранысы бойынша ҚТҚ басқарудың бірыңғай орталығын ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлімдеді.

"Қолдаудың негізгі шараларының бірі болып институционалдық құрылым есептеледі. Қызметті шоғырландыру және барлық қызығушылық танытқан тұлғалардың сұранысы бойынша ҚТҚ басқарудың бірыңғай орталығын "Жасыл Даму" АҚ басқаруымен ашу жоспарлануда", - деді Н. Қаппаров.

Ведомство басшысының айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда қалдық өңдейтін зауыттар әкімдіктер мен қалдық өңдеу компанияларымен келісімшарттық құрылымның жетілмеуіне байланысты жұмыстарын кідіртетін оқиға орын алды.

"Орталық аталмыш мәселелерді шешуге мүмкіндік беріп, әкімдіктер мен инвесторларға көмекші бола отырып, ҚТҚ қайта өңдеу мен жинау ақпараттарын топтастырады, ақпараттық материалдарды дайындап, сонымен қатар аталмыш жұмысқа қоғамдық бірлестіктерді тартпақ", - дейді ол.

Сонымен қатар, орталық үйлестірушілік қызметтерді де атқаратын болады.

"Бірыңғай әдістерді бақылау, соның ішінде ҚТҚ жобасын іске асырудағы технологиялық шешімдер де бар. Үкімет, халықаралық қаржы институттары, жергілікті атқаружы органдар мен инвесторлармен арадағы қызметтерді үйлестіру осыған кіреді. Негізінен, "Жасыл Даму" АҚ аталмыш секторда даму институттарын таныстырады, алайда жобаларда тікелей қатыса алмайды", - деді министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны