16.02.2007, 14:35 3304

Қазақстанда "Құқық және тәртіп" жедел - алдын алу іс-шарасы өтуде

АСТАНА. 16-ақпан. Kazakhstan Today. Қазақстанда ішкі істер органдары тарапынан "Құқық және тәртіп" жедел - алдын алу іс-шарасы өтуде. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Криминалдық полиция комитетінен хабарлады.

Полицейлердің ақпараттарына сүйенсек, аталмыш іс-шара 14-21 ақпан аралығында жүргізіледі. Ол қылмыстардың алдын алуға, анықтауға және ашуға, сонымен қатар қылмыскерлер мен хабар-ошарсыз кетен тұлғаларды табуға бағытталған. Сонымен қатар, есірткі және психотроптық заттарды елге әкелу жолдарын анықтау мен алдын алудың біріккен іс-шараларын жүргізу де жоспарлануда.

"Құқық және тәртіп" жедел - алдын алу іс-шарасын өткізген бірінші күні Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері кезекшілік атқарған бір тәулікте тіркелген 21 қылмыстың жиырмасын ашты. 627 адам профилактикалық есепке алынды, олардың 105 бұрын сотталғандар, 308 - нашақорлар мен маскүнемдер, 73 - кәмелеттік жасқа толмағандар. Сондай-ақ, көлікті мас күйінде айдаған 26 жүргізуші құрықталды.

Қостанай облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, облыс полицейлері 64 қылмыстың бетін ашқан. Іздеуде жүрген 8 қылмыскер құрықталып, есірткі заттының заңсыз айналымына қатысты 6 дерек ашылған. Жол полициясы басқармасының қызметкерлері 350 жол қозғалыс ережелерін бұзу дерегін анықтады.

Сонымен қатар, Алматы қаласының полицейлері "Құқық және тәртіп" жедел - алдын алу іс-шараларын жүргізген екі тәулік ішінде 82 қылмыс тіркеліп, олардың 61-ін "ізін суытпай" ашқан. Бес есірткі сату дерегі анықталып, заңсыз айналымнан алты килограммнан астам есірткі заттары тәркіленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны