22.01.2013, 12:08 3019

Қазақстанда құрылысқа рұқсатнама берудің моделін өзгерту керек

"Doing Business" рейтингінің "Құрылысқа рұқсат алу" индикаторын жақсарту жұмысының аясында елімізде рұқсатнама берудің моделін өзгерту қажет, деп санайды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаев.

Астана. 22-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстанда құрылысқа рұқсатнама берудің моделін өзгерту керек, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Doing Business" рейтингінің "Құрылысқа рұқсат алу" индикаторын жақсарту жұмысының аясында елімізде рұқсатнама берудің моделін өзгерту қажет, деп санайды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ербол Орынбаев.

"Құрылысқа рұқсатнама беру бойынша сол рұқсатты берудің моделін өзгерту керек, себебі онда объективті және субъективті факторлар көп", - деді Е.Орынбаев бүгін Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, бизнес-модельді өзгерту және бүкіл процесті оңтайландыру керек. Басқа индикаторларға тоқталған Е.Орынбаев, министрлердің орынбасарлары жетекшілік ететін 5 тұрақты жұмыс тобы құрылғанын және әр топ 2-3 индикатор бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап көрсетті.

Бүгінгі кеңесте сондай-ақ 2013 жылы атқарылатын жұмыстардың жоспары бекітілді.

Вице-премьердің айтуынша, ағымдағы жылдың жаз айларында барлық индикаторлар бойынша Дүниежүзілік банктің алдын ала мәліметтерінің негізінде "Doing Business" рейтингіндегі Қазақстанның көрсеткішін жақсарту жөніндегі 2014 жылға арналған кешенді жоспарды әзірлеу жұмысы басталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны