15.09.2016, 11:30 4002

Қазақстанда құтқарушылар арасында "Қазқұтқару-2016" республикалық жиын-семинары өтуде

2016 жылғы 13 қыркүйекте Алматы облысыныӊ Тамғалы Тас шатқалында орналасқан "Жартасты қала - Астана" оқу-жаттығу полигонында 21-ші "Қазқұтқару-2016" республикалық жиын-семинары басталғанын еске саламыз.

Астана. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - Республиканыӊ құтқару бөлімшелері "Қазқұтқару-2016" республикалық жиын-семинары шеӊберінде "Жартасты қала -Астана" оқу-жаттығу полигонында жарысты жалғастыруда.

ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлағандай, командалар құтқару көпсайыстарында жарысуда.

Жиын-семинардыӊ алғашқы күнінде кәсіби құтқарушылар командалары "Орташа бедерлі жерлер бойынша эстафета (кросс)" арақашықтығын өтті. Жас құтқарушылар да "Техногендік апат жағдайындағы іздеу-құтқару жұмыстары" арақашықтығында құтқару көпсайысы бойынша жарысты.

Қазқұтқару-2016 бірінші күнініӊ қорытындысы бойынша "Орташа бедерлі жерлер бойынша эстафета (кросс)" арақашықтығында еӊ көп балл жинап, бірінші орынды Жамбыл облысы ТЖД Жедел құтқару жасағы командасы алды. Екінші орынға 28237 әскери бөлімі командасы ие болды. Осы арақашықтықта Батыс Қазақстан облысы ТЖД Жедел құтқару жасағыныӊ құтқарушылары үшінші болды.

Жас құтқарушылар жарыстарында "Александров жібін беру" кезеӊінде бірінші орынды Батыс Қазақстан командасы ұтып алды, ал екінші орын Жамбыл облысыныӊ командасыныӊ қанжығасында. Үшінші орында Астана қаласы жас құтқарушылары иеленді.

"Жауынгерлік қанат жаю" кезеӊінде еӊ көп балл санын Жамбыл облысы жас құтқарушылар командасы жинап алды, екінші орында - Батыс Қазақстан облысы, үшінші орында - Қарағанда облысыныӊ командасы.

Қазқұтқару-2016 екінші күнінде командалар "Техногендік апат жағдайындағы іздеу-құтқару жұмыстары" арақашықтығында құтқару көпсайысы бойынша жарысуда, ал жас құтқарушылар "Табиғи апат жағдайындағы іздеу-құтқару жұмыстары" арақашықтығында бірінші орынға күресуде.

Сонымен бірге жарыстарға кинологиялық есептоптар да кірісті. Олардыӊ жарыстары: "Тыӊдауды тексеру", "Техногенді ортадағы жағдайда зардап шеккендерді іздеу", "Табиғи ортадағы жағдайда зардап шеккендерді іздеу", "Иртүрлі жағдайларда шартты-зардап шеккендерді командалық іздеу" арақашықтықтары мен кезеӊдерінен тұрады.

2016 жылғы 13 қыркүйекте Алматы облысыныӊ Тамғалы Тас шатқалында орналасқан "Жартасты қала - Астана" оқу-жаттығу полигонында 21-ші "Қазқұтқару-2016" республикалық жиын-семинары басталғанын еске саламыз.

Қазқұтқару-2016 жиын-семинарына ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті құтқару бөлімшелерінен, ІІМ Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінен, "051" құтқару қызметінен 17 команда, сондай-ақ Астана қаласы, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Жамбыл облыстарынан жас құтқарушылардыӊ 4 командасы қатысуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны