29.06.2015, 09:59 2946

Қазақстанда лаӊкестік және экстремизммен күресу жүйесі қалыптастырылған

Қазақстанда лаӊкестік және экстремизммен күресу жүйесі қалыптастырылған, сонымен қатар халықаралық тәжірибеге сүйене отырып жетілдіріліп отыратын заӊнамалық базада жасақталған

Астана. 29 Маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда лаӊкестік және экстремизммен күресу жүйесі қалыптастырылған, сонымен қатар халықаралық тәжірибеге сүйене отырып жетілдіріліп отыратын заӊнамалық базада жасақталған, деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Астанадағы Орталық және Оӊтүстік Азия елдеріндегі зорлық-зомбылық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өӊірлік конференцияда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Біз күн сайын террорим мен экстремизм көріністерімен бетпе-бет келудеміз, ол біздіӊ елдеріміздіӊ қауіпсіздігіне қауіп төндіруде. Бұл проблеманыӊ жаһандануы бізге онымен күресудіӊ жаӊа жолдарын іздестіруге мәжбүрлеуде. Қазақстан өзге де мемлекеттер сияқты зорлық-зомбылықты құптамайды және осы бағытта терроримзге қарсы құрылымдармен белсенді жұмыс істеуде", - деді К.Мәсімов, еп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, Қазақстанда терроризм және экстремизммен күресу жүйесі қалыптастырылған.

"Орташамерзімді бағдарлама қабылданып, жүзеге асырылуда. Заӊнамалық базасы да жасақталған және ол халықаралық тәжірибеге сүйене отырып жетілдіріліп отырылады. Белгілі болғандай, осындай жағымсыз әсердіӊ бұғауында сәтсіз әлеуметтік экономикалық орта қалып қояды. Елбасы Н.Назарбаев 100 нақты қадам бағдарламасын ұсында, ол халқымыздыӊ тұрмыстық жағдайын жақсартуға, келісім мен бірлікті сақтап қалуға бағытталған. Осы бағдарламаны жүзеге асыру барлық жаһандық қауіп-қатерге біздіӊ берген жауабымыз болмақ", - деп толықтырды Премьер-Министр.

Естеріӊізге сала кетейік, конференция жұмысына әлемніӊ 24 елінен келген делегациялар, яғни ЕО мен Ресейдіӊ және АҚШ-тыӊ өкілетті органдарыныӊ өкілдері, БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, сондай-ақ басқа да халықаралық ұйымдар мен азаматтық қоғамныӊ, лаӊкестік пен экстремизмге қарсы күрес саласындағы жетекші сарапшылар қатысуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны