30.01.2015, 15:39 5624

Қазақстанда латын әліпбиіне көшу бағдарламасы қабылданды - ҚР МСМ

Латын жазуына көшу бағдарламасы қабылданды, деп мәлімдеді бүгін мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ОКҚ брифингінде

Астана. 30 қаӊтар. Kazakhstan Today - Латын жазуына көшу бағдарламасы қабылданды, деп мәлімдеді бүгін мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ОКҚ брифингінде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Латын жазуына көшу бағдарламасы қабылданды және кестеге сәйкес жүргізіледі", - деді А.Мұхамедиұлы, деп хабарлайды www.primeminister.kz тілшісі.

Министр түсіндіріп өткендей, мәселе білім беру саласына қатысты және аталған үдерісті жеделдетудіӊ қажеті жоқ, себебі қажетті жағдай әлі жасалмаған.

"Қазір, әрине, ғалымдар бұл мәселені жан-жақты зерттеу үстінде. Латын жазуын қазіргі қолданыстағы клавиатура аясында енгізу ұсынылды. Алайда, біздіӊ ұлттық дыбыстық құндылықтарымыз қосымша шешімдерді қажет етеді. Бұл оӊай емес, себебі бізге халықаралық қауымдастыққа табиғи түрде интеграциялану қажет", - деп баса айтты ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны