13.06.2014, 21:38 2941

Қазақстанда Мәдениет және өнер істері жөніндегі ұлттық кеңес құрылады

"Мәдениет және өнер істері ұлттық кеңесін құру туралы ұсыныс бар. Кеңес мәдениет саясатын жүзеге асыру барысында келісетін және пікір алмасатын негізгі орган болады. Ол сурет, театр, концерт, цирк өнері, киноөндірісі, мұражай ісі, әдебиет кеңестерінің жұмыстарын үйлестіреді", - деді А.Мұхамедиұлы.

Алматы. 13 маусым. Kazakhstan today. Қазақстанда мәдениетті дамыту тұжырымдамасы аясында мәдениет және өнер істері ұлттық кеңесі құрылады. Бұл туралы салалық ведомствоның басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

"Мәдениет және өнер істері ұлттық кеңесін құру туралы ұсыныс бар. Кеңес мәдениет саясатын жүзеге асыру барысында келісетін және пікір алмасатын негізгі орган болады. Ол сурет, театр, концерт, цирк өнері, киноөндірісі, мұражай ісі, әдебиет кеңестерінің жұмыстарын үйлестіреді", - деді А.Мұхамедиұлы.

Сонымен, аймақтық және республикалық құрылымдармен байланыс аясында көркемдік кеңес құру ұсынылуда. "Бүкіл әлем бірлестіктер арқылы алға жылжып келеді. Ал, Қазақстанда мұндай байланыс жоқ. Көркемдік кеңес ол бірыңғай репертуарлық, кадрлық, гастролдік саясатты құруда қажет", - деді ол.

Сонымен қатар, Мәдениет министрлігі барлық шығармашылық оқу орындарын бірыңғай білім беру жүйесін құру мәселесін қарастыруда, деп ол атап өтті.

"Мәдениетті дамыту үшін шығармашылық оқу орындары интеграциялануы керек. Барлық жетекші мемлекеттерде бүкіл оқу орындары бір салалық ведомствоға қарайды", - деді министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны