15.06.2015, 11:48 3579

Қазақстанда МАГАТЭ төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімге 2015 жылдыӊ тамызында қол қойылады

Қазақстанда МАГАТЭ төмен байытылған уран банкін құру туралы келісіміне 2015 жылдыӊ тамызында қол қойылады, деді ОКҚ брифингінде ҚР Сыртқы істер министрлігініӊ ерекше істері бойынша елшісі Барлыбай Садықов

Астана. 15 Маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда МАГАТЭ төмен байытылған уран банкін құру туралы келісіміне 2015 жылдыӊ тамызында қол қойылады, деді ОКҚ брифингінде ҚР Сыртқы істер министрлігініӊ ерекше істері бойынша елшісі Барлыбай Садықов, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2015 жылғы 11 маусым күні Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігініӊ (МАГАТЭ) Басқарушылар кеӊесі "Кепілдендірілген жеткізілулерді қамтамасыз ету. Төмен байытылған уранды (ТБУ) мүше мемлекеттерге жеткізу үшін МАГАТЭ ТБУ банкін құру" күн тәртібініӊ мәселесін қарастырды.Қарастыру нәтижесінде Басқарушылар кеӊесі бірауыздан ТБУ банкін құру туралы келісімніӊ жобасын мақұлдап, Агенттіктіӊ бас директорына Қазақстанмен келісім жасасуға өкілеттілік берді", - деді Б.Садықов, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Оныӊ айтуынша, төмен байытылған уран банкін құру ядролық отынды кепілдендірілген түрде жеткізу халықаралық жүйесін қалыптастыруға септігін қосады.

"Банктіӊ құрылуыныӊ негізгі мақсаты МАГАТЭ мүше елдері арасында ядролық жанармайды кепілдендірілген жеткізумен қамтамасыз ету. МАГАТЭ аясында төмен байытылған уранныӊ халықаралық қорын құру мүше мемлекеттерге олардыӊ МАГАТЭ Жарлығы мен Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім ережелерін бұзбастан, жеке бейбіт ядролық-энергетикалық бағдарламаларын дамытуға деген егеменді құқықтарына қысым жасалмастан ядролық отынға кепілдендіріген қолжетімділікке мүмкіндік береді. Бұл орайда банктіӊ құрылуы ядролық таратылым мен жаһандық ядролық қауіпсіздікті сақтауға мүмкіндік береді", - деді ол.

Айта кетерлігі, МАГАТЭ төмен байытылған уран банкін құру әрбір елдіӊ өзіне тін жеке әлемдік ядролық технологияларын дамытуға шектеу қоймайды. Ирбір ел уранды байытуды МАГАТЭ аясында тәртіптер мен қызметтерді орындай алады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны