22.07.2015, 14:26 3750

Қазақстанда "Мәӊгілік мұра" мәдени дамыту жобасы іске қосылады - А.Мұхамедиұлы

Қазақстанныӊ мәдени мұрасын бүкіл әлемге танытуға арналған "Мәӊгілік мұра" жалпыұлттық мәдени дамыту жобасы іске қосылады, деп мәлімдеді бүгін ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ОКҚ брифингінде

Астана. 22 Шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ мәдени мұрасын бүкіл әлемге танытуға арналған "Мәӊгілік мұра" жалпыұлттық мәдени дамыту жобасы іске қосылады, деп мәлімдеді бүгін ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ОКҚ брифингінде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Мәӊгілік мұра" атты жалпыұлттық мәдени дамыту жобасыныӊ қолға алынуы еліміздіӊ тарихи-мәдени дамуына серпін береді. Мұныӊ алдында іске асырылған "Мәдени мұра" бағдарламасына қарағанда, бұл жоба Қазақстанныӊ мәдени мұрасын әлемдік мұралар қорымен ықпалдастыруға бағытталған", - деді А.Мұхамедиұлы, деп хабарлайды primeminister.kz тілшісі.

Ол "Мәдени мұра" бағдарламасы еліміздіӊ ішкі біртектілігініӊ дамуына үлес қосқан болса, "Мәӊгілік мұра" жобасы Қазақстан өнері мен мәдени құндылықтарын әлемдік қауымдастыққа насихаттауға бағытталғанын айтып өтті.

"Маӊызды жобалардыӊ бірі - Қазақстанныӊ электронды энциклопедиясыныӊ жасалуы болмақ. Бұл шынымен бірегей бағдарлама, бір сайтта Қазақстанныӊ тарихы, мәдени мұрасы және болашақтағы даму жоспарлары туралы барлық дүниелерді табуға болады", - деп толықтырды министр.

Ол сондай-ақ, халықаралық деӊгейдегі ірі жобалардыӊ бірі 2015 жылы Алматыда ЮНЕСКО-ныӊ қолдауымен ашылатын Мәдениеттерді жақындастыру орталығы болатынын айтты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны