28.04.2017, 20:48 5583

Қазақстанда "Маӊғыстау" зымыран-артиллериялық кемесі суға түсірілді

2017 жылғы 27 сәуірде Батыс Қазақстан облысыныӊ Орал қаласында "Зенит" Орал зауыты" АҚ жасаған "Маӊғыстау" зымыран-артиллериялық кемесін суға түсіру жүзеге асырылды,- деп хабарлайды Қазақстан Республикасыныӊ Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

Астана. 28 сәуір. Kazakhstan Today - 2017 жылғы 27 сәуірде Батыс Қазақстан облысыныӊ Орал қаласында "Зенит" Орал зауыты" АҚ жасаған "Маӊғыстау" зымыран-артиллериялық кемесін суға түсіру жүзеге асырылды,- деп хабарлайды Қазақстан Республикасыныӊ Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.

Салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасыныӊ Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов, Батыс Қазақстан облысыныӊ әкімі Алтай Көлгінов, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігініӊ басшылығы, Қазақстан Республикасыныӊ Қарулы Күштері Искери-теӊіз күштерініӊ бас қолбасшысы Жандарбек Жанзақов, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерініӊ ардагерлері, "Зенит" зауытыныӊ ұжымы және "Маӊғыстау" кеме экипажыныӊ жеке құрамы қатысты.

"Осы оқиға бұған дейін де зауыт дайындаған катерлер мен кемелерді суға түсіру сияқты Қазақстан Республикасыныӊ Каспийдегі әскери-теӊіз бөлімдерін отанымызда жасалатын қазіргі заманғы техникалық құралдармен жарақтандыру бойынша мақсаттарға қол жеткізудегі кезекті қадам болып табылады", - деп өз сөзінде атап өтті Б. Атамқұлов.

"Маӊғыстау" кемесі зауыт үшін 26-шы кеме болып табылады және ол ҚР ҚК Искери-теӊіз күштерініӊ мұқтаждарына арналған тапсырысқа сәйкес жасалды. Осы әскери кеме - осыған ұқсас жобалардан бұрын ҚР ҚК Искери-теӊіз күштеріне жеткізілген төртінші кеме екендігін атап өткен жөн.

Алдыӊғы кемелерден ерекшелігі осы кемеде ҚР Қорғаныс министрлігініӊ тапсырысы бойынша қару-жарақ жаӊғыртылған, сондықтан ол шешетін міндеттемелердіӊ аясы кеӊейді.

"Маӊғыстау" зымыран-артиллериялық кемесініӊ техникалық сипаттамалары қарсыластыӊ жауынгерлік суүсті кемелерін, катерлерін және көліктерін дербес және кемемен соққы беру күштерімен өзара іс-қимылда жоюды қамтамасыз етеді. Кеме бұл үшін қажетті жылдамдығы, басқарушылығы, жүзу алшақтығы, дербестігі, экипаждыӊ мекендеу шарттары сияқты теӊізде жүзу сапасына ие.

Анықтамалық

"Зенит" Орал зауыты" 1941 жылы Ленинградтан көшірілген "Двигатель" зауытыныӊ негізінде К.Е. Ворошилов атындағы зауыт ретінде құрылған. Ұлы Отан соғысы жылдарында әскерді және флотты қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін зауыт Отан соғысыныӊ 1 дәрежелі орденімен марапатталған. Қазіргі уақытта "Зенит" Орал зауыты" АҚ "Казақстан инжиниринг" ҰҚ" АҚ еншілес кәсіпорны болып табылады және ҚР қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындарыныӊ құрылымына кіреді. Шығарылатын өнімдердіӊ негізгі бөлігі болып табылатын катерлер мен кемелерді игерумен және жасаумен зауыт 1993 жылдан бастап айналысады. Осы уақыт ішінде су ығыстырғыштығы 240 тоннаға дейінгі катерлер мен кемелердіӊ сериялық өндірісі игерілген. Алдағы уақытта құрғақ салмағы 600 тонналық мамандандырылған теӊіз кемелерін шығару жоспарлануда. Одан басқа зауыт арнайы техниканы, мұнайгаз және өнеркәсіптіӊ басқа салалары үшін жабдықтарды, сонымен бірге азаматтық өнімдерді жасауда. Ир деӊгейлі қиындықты жабдықтарды жобалауға, жасауға, жөндеуге, сервистік қызмет көрсетуге тапсырыстар қабылдайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны