05.02.2016, 16:18 3726

Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттары сайлауына арналған сайт ашылды

Қазнет кеӊістігінде мерзімінен бұрын Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттары сайлауына арналған election2016.kz ақпараттық сайты іске қосылды. Бұл сайт бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында таныстырылды

Астана. 5 ақпан. Kazakhstan Today - Қазнет кеӊістігінде мерзімінен бұрын Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттары сайлауына арналған election2016.kz ақпараттық сайты іске қосылды. Бұл сайт бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында таныстырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған веб-ресурста Мәжіліс депутаттары сайлауына өздерініӊ кандидаттарын ұсынған саяси партиялар туралы барша ақпарат, сайлау науқаны жаӊалықтары, әлеуметтік сауалнамалар блогы ұсынылған. Ақпарат пен жаӊалықтарды саяси партиялар бөлімінде көруге болады, деп хабарлайды www.strategy2050.kz тілшісі.

"Сайт қызметі алдағы сайлауға қатысты барлық ақпараттық оқиғалар мен талқылауларды бір жерге жинақтауға негізделген. Қазіргі кезде жаӊалықтардыӊ көбісін біздіӊ әріптестерден таралуда, алайда веб-ресурсқа кез келген ниет білдіруші жаӊалығын жібере алады",-деді аталған сайтты құрастырушылардыӊ бірі Бауыржан Садиев.

Сонымен қатар, бүгінде әлеуметтік желілерде сайлауды талқылау #sailau2016 хэштегі бойынша жүріп жатыр. Мұнымен қоса ресурста Youtube-де өзініӊ бейне-каналы бар, онда сайлауға қатысты бейне материалдар жинақталады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны