18.10.2010, 12:49 4629

Қазақстанда мектептер, ауруханалар мен балабақшалар салуға арналған жаңа құрылыс нормалары мен ережелері әзірленетін болды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке елімізде мектептер, ауруханалар мен балабақшалар салуға арналған жаңа құрылыс нормалары мен ережелері әзірлеуді тапсырды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 18 - қазан. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке елімізде мектептер, ауруханалар мен балабақшалар салуға арналған жаңа құрылыс нормалары мен ережелері әзірлеуді тапсырды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

К. Мәсімовтың айтуынша, ол жуықта елбасынан 1 ай мерзім ішінде мектептердің, ауруханалардың, сондай-ақ балабақшалардың құрылысы бойынша құрылыс нормалары мен ережелерін әзірлеуге қатысты мәселені шешу туралы тапсырма алған.

"елеулі мемлекеттік қаржы тиімсіз пайдаланылып жатыр. Бізге үлкен ғимараттардың орнына адамдар мен балалардың қажеттілігіне сай нысандарды салу керек", -деп атап өтті елбасының айтқан сөзін К. Мәсімов.

Осыған байланысты үкімет басшысы бұл мәселе бойынша Үкіметке сәрсенбіде барлық әкімдердің қатысуымен тиісті кеңес ұйымдастыруды жүктеді. "Атап айтқанда, алдағы жылғы қаңтардың 1-інен бастап жаңа бюджет бойынша барлық әлеуметтік нысандар жаңа құрылыс нормаларымен және ережелерімен салынуы үшін біз бір аптаның ішінде шешімдер қабылдауымыз қажет",- деді премьер-министр. Осы орайда К. Мәсімов барлық әлеуметтік нысандар бойынша білім және ғылым, денсаулық сақтау министрліктеріне, тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық агенттігіне, барлық әкімдерге бұл мәселе бойынша дайындалуды тапсырды. "Біз базалық мәселелерді шешіп, 1 аптадан кейін Мемлекет басшысына баяндауымыз қажет",-деді үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны