26.07.2012, 16:56 3382

Қазақстанда мемлекеттік қажеттіліктегі авто көліктер тікелей отандық өндірушілерден сатып алынатын болады

Елімізде қазақстандық қамтуды ынталандыру және олардың үлесін арттыру жөніндегі жұмыстардың аясында отандық өндірушілерді ұзақмерзімдік тапсырыстармен қамтамасыз ету шаралары қабылданатын болады, деп хабарлады индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев "Қазақстандық өнімді жасаймыз!" форумында.

Астана. 26-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанда мемлекеттік қажеттіліктегі авто көліктер тікелей отандық өндірушілерден сатып алынатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Елімізде қазақстандық қамтуды ынталандыру және олардың үлесін арттыру жөніндегі жұмыстардың аясында отандық өндірушілерді ұзақмерзімдік тапсырыстармен қамтамасыз ету шаралары қабылданатын болады, деп хабарлады индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев "Қазақстандық өнімді жасаймыз!" форумында.

"Елбасының және Үкіметтің алдымызға қойып отырған міндеттеріне сәйкес, министрлік өз жұмысында отандық тауар өндірушілерді кепілдендірілген ұзақмерзімдік тапсырыстармен қамтамасыз етуге ерекше басымдық жасайтын болады. Бұл - қазақстандық өндірушілерді қолдаудың ең нәтижелі тетіктерінің бірі", - деді И.Исекешев.

Оған қоса, келесі маңызды бағыт - ірі кәсіпорындарды отандық өнімдер жеткізетін шағын және орта кәсіпорындардан тұратын логистикалық тізбек құруға ынталандыру арқылы жүйеқұрушы кәсіпорындардың төңірегінде шағын және орта бизнестің аралас өндірістерінің белдеуін құру болмақ.

Министр айтып өткендей, басымдықты бағыттардың қатарында мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың сатып алуларындағы қазақстандық қамтудың үлесін арттыру және отандық өндірісті қолдаудың мемлекеттік шараларымен қарастырылған нәтижелікті еселеу шаралары бар.

И.Исекешев өз сөзінде сондай-ақ, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мен Қаржы министрлігі бірлесіп мемлекеттік органдардың мұқтаждықтары үшін отандық тауарларды тікелей сатып алуды, оның ішінде отандық өндірушілер шығаратын жеңіл көліктерді сатып алуды ұйымдастыруды қамтамасыз етуді жоспарлап отырғанын атап көрсетті.

"Осы шаралардың барлығы отандық өндірістің дамуына кешенді қолдау көрсетуге және ішкі нарықтағы отандық өнімдердің көлемін арттырып қана қоймай, ортамерзімдік кезеңде олардың сапасы мен экспорттық әлеуетін жақсартуға мүмкіндік беретін болады",- деп қорытындылады өз сөзін И.Исекешев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны