08.01.2009, 19:11 3572

Қазақстанда мемлекеттік көмекті экономиканың нақты секторына жеткізуді қамтамасыз ететін мемлекеттік басқарудың жаңа тетіктері енгізілді - мәжіліс спикері

Қазақстанда мемлекеттік көмекті экономиканың нақты секторына жеткізуді қамтамасыз ететін мемлекеттік басқарудың жаңа тетіктері енгізілді - мәжіліс спикері

Астана. 8 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - 2008 жылы Елбасының бастамасы бойынша Қазақстанда мемлекеттік көмекті экономиканың нақты секторына жеткізуді қамтамасыз ететін мемлекеттік басқарудың жаңа тетіктері енгізілді. Бұл туралы мәжіліс спикері Орал Мұхамеджанов палатаның бүгін өткен жалпы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"2008 жылы Елбасының бастамасы бойынша Қазақстанда мемлекеттік көмекті экономиканың нақты секторына жеткізуді қамтамасыз ететін мемлекеттік басқарудың жаңа тетіктері енгізілді",- деді ол.

Спикердің пікірірше, олар өзіміз қабылдаған заңнамалық актілерде, "Самұрық-Қазына" ұлттық игілік қоры сияқты арнайы құрылған институттарда және Үкімет бекітіп, қазіргі кезде жүзеге асырылып жатқан экономиканы тұрақтандырудың іс-қимыл жоспарында және тағы басқа құжаттарда көрініс тапты.

Қаржы дағдарысына қарсы тұрудың қазақстандық үлгісі нақты өмірге енгізіліп, оң нәтижелер бере бастағаны біз үшін өте маңызды. Құрылыс саласы тұрақтанды, Қазақстан экономикасы оң серпінін сақтап отыр, қаржы-банк жүйесі әлемдік дағдарыстың әбден ықтимал жаңа қиындықтарына әзір болу үшін жеткілікті көмек алуда.

Тұңғыш рет үшжылдық республикалық бюджет туралы заңды қабылдадық. Экономика мен әлеуметтік сала дамуының үшжылдық кезеңіне арналған басым бағыттарын заңнамалық тұрғыдан айқындау отандық кәсіпкерлерге де, шетелдік инвесторларға да болашақта өз бизнесін ұзақ мерзімге жоспарлап алуға мүмкіндік беріп отыр.

Тұтастай алғанда, Қазақстан дамуының қазіргі кезеңі үшін стратегиялық маңызы бар бірқатар маңызды заңдар қабылданды. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, "қабылданған шаралардың арқасында Қазақстанның экономикасы әлемдік дағдарыстың алғашқы толқынына төтеп бере алды",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны