17.06.2008, 15:42 2555

Қазақстанда мемлекеттік саясаттың жоғарғы мектебі құрылады - президент

Қазақстанда мемлекеттік саясаттың жоғарғы мектебі құрылады - президент

Астана. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда мемлекеттік саясаттың жоғарғы мектебі құрылады. Бұл туралы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін "Елдің бәсекелестік қабілетін көтерудегі мемлекеттік қызметтің ролі" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ұдайы оқу мен біліктілікті көтеру мемлекеттік қызметтегі басты басымдықтардың біріне айналуға тиіс. Осыған байланысты мемлекеттік қызмет академиясының жанында мемлекеттік саясаттың ұлттық жоғарғы мектебін құруды ұсынамын", - деді президент.

Н. Назарбаевтың түсіндіруінше, "мұндай мектеп болашақ жетекшілерді дайындау мен іріктеу жүйесінде маңызды буынға айналуға, элиталық, кәсіби мемлекеттік қызметтің жаңа корпусын құруда шешуші роль атқаруға тиіс".

"Жаңа мектеп заманауи білім беретін институтқа айналады. Оның ректорын президент тағайындайды және мектепті басқаруға тәжірибелі шетелдік менеджерлер тартылады",- деді ол. "Мектептің байқаушылар кеңесі Қазақстанның ең білікті қоғам қайраткерлері мен шетелдік профессорлардан жасақталады", - деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны