20.06.2012, 10:19 3522

Қазақстанда мемлекеттік шекара туралы жаңа заң әзірленуде

Қазақстанда "Арқанкерген" шекара бекетіндегі бақытсыз оқиғаға және "Терісайрық" шекарашыларының өз еркімен бекетті тастап кетіп қалуына байланысты мемлекеттік шекара туралы жаңа заң әзірленуде, деп мәжіліс депутаты Мәулен Ишімбаев мәлімдеді.

Астана. 20-маусым. Kazakhstan Today - Қазақстанда мемлекеттік шекара туралы жаңа заң әзірленуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда "Арқанкерген" шекара бекетіндегі бақытсыз оқиғаға және "Терісайрық" шекарашыларының өз еркімен бекетті тастап кетіп қалуына байланысты мемлекеттік шекара туралы жаңа заң әзірленуде, деп мәжіліс депутаты Мәулен Ишімбаев мәлімдеді.

"Аркенкергендегі" жағдай ізін ала мемлекеттік шекараның өзге бөлігінде орын алып отырғаны мұның себебін, негізгі факторларын кешенді талдап, тиісті шара қабылдау қажеттігін көрсетеді. Осыған байланысты жақында мемлекеттік шекара туралы жаңа заң мәжіліске келіп түседі деп күтіп отырмыз", деп ол бүгін Астанада журналистерге атап көрсетті.

"Бұл шекара қызметінің тиісті комитеті дайындап жатқан мүлде жаңа заң. Меніңше, осы заң жобасын қарастыру аясында біз мемлекеттік шекарадағы жағдайға талдау жасау бойынша үлкен жұмыс жүргіземіз", дейді ол.

М.Ишімбаев депутаттар тобы онда қалыптасқан жағдайға талдау жасау үшін мемлекеттік шекара учаскелерін көзбен көріп қайтпақ екенін айтты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны