27.05.2013, 13:52 11344

Қазақстанда мемлекеттік-жеке меншіктік серіктестік негізінде "ет" кластері құрылады

Қазақстанда мемлекеттік-жеке меншіктік серіктестік негізінде "ет" кластері құрылады, ол өнім берушілер мен етті қайта өңдеуші кәсіпорындардың ресурстарын біріктіруді қарастырады, деп хабарлады бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ-ның басқарушы директоры Анас Баққожаев.

Астана. 27-мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстанда мемлекеттік-жеке меншіктік серіктестік негізінде "ет" кластері құрылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда мемлекеттік-жеке меншіктік серіктестік негізінде "ет" кластері құрылады, ол өнім берушілер мен етті қайта өңдеуші кәсіпорындардың ресурстарын біріктіруді қарастырады, деп хабарлады бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ-ның басқарушы директоры Анас Баққожаев.

"ҚазАгро" холдингі ағымдағы жылы мемлекеттік-жеке меншіктік серіктестік негізінде ет кластерін құру бойынша жобаны жүзеге асыруды бастады. Оның негізгі мақсаты жобаға мүдделі қатысушылардың бәрінің ресурстарын біріктіру және қазақстандық етті экспортқа өндіру және сату кезінде трансакциялық шығын төмендету", - деді А.Баққожаев.

Сонымен қатар, ол консорциум жұмысының тетігі шаруашылық-өнім берушілермен форвардтық келісім жасау міндетті талаптарымен етті қайта өңдеу кәсіпорындарын және жаңа мал жемдейтін алаңдарды ұзақ мерзімді қаржыландыру екенін атап өтті.

Осылайша, сатып алу бағасы келісіледі, ал мал жемдейтін алаңдар мен ет комбинаттары шаруаларды аванстайды.

Ұлттық холдингтің басқарушы директорының мәліметінше, ағымдағы жылы кластерді құру арқылы 500 тонна көлемінде жоғары сапалы сиыр етінің бірінші партиясын жүзеге асыру қамтамасыз етіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны