12.03.2013, 12:35 3108

Қазақстанда міндетті кәсіби салымдар енгізу ұсынылды

"Жұмысшылардың міндетті зейнетақы салымдарына қосымша Еңбекке ақы төлеу қорынан 5% көлемінде міндетті кәсіби салымдар енгізу ұсынылуда. Сонымен қатар, жұмыс берушілер міндетті зейнетақы кәсіби салымдарды зиянды өндіріс түрлеріне және онда жұмыс жасайтын жұмысшыларға ғана беріп отырады", - деді С.Ибденов.

Астана. 12-наурыз. Kazakhstan Today - Зейнетақы жинақтау жүйесін жетілдіру шеңберінде міндетті зейнетақы қорларымен бірге міндетті кәсіби салымдар енгізу жоспарланған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С.Ибденов ҚР Парламенті Мәжілісінде мәлім етті.

"Жұмысшылардың міндетті зейнетақы салымдарына қосымша Еңбекке ақы төлеу қорынан 5% көлемінде міндетті кәсіби салымдар енгізу ұсынылуда. Сонымен қатар, жұмыс берушілер міндетті зейнетақы кәсіби салымдарды зиянды өндіріс түрлеріне және онда жұмыс жасайтын жұмысшыларға ғана беріп отырады", - деді С.Ибденов.

Оған қоса, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы зиянды өндірісте жұмыспен қамтылған өндіріс түрлерінің және жұмысшылар мамандықтарының тізімі ҚР Үкіметімен бекітілетінін атап өтті.

Айта кету керек, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, зиянды және басқа да қолайсыз еңбек шарттарында жұмыспен қамтылған жұмысшылар саны 2012 жылдың 1 қаңтарына 346, 6 мың адамды құрады. Міндетті зейнетақы кәсіби салымын енгізудің арқасында жұмыс берушіге жүктеме артпайды деп күтілуде, себебі кәсіби зейнетақы жүйесіне салынатын сома салықтық төлемдер жүзеге асырылған кезде шегеріледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны