08.10.2012, 09:29 3398

Қазақстанда "Мызғымас бауырластық - 2012" әскер оқу-жаттығуы басталды

Оқу-жаттығудың тақырыбы аймақта ұжымдық қауіпсіздікті ҰҚШҰ ұжымдық бітімгерлік күштерінің бейбітшілікті қолдау бойынша операциялар даярлау мен жүргізу арқылы сақтау болып табылады.

Астана. 8-қазан. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдың 8-17 қазан аралығында Алматы жанындағы "Іле", "Шошқалы" және "Жағажай" полигондарында ҰҚШҰ-ға мүше елдердің алғашқы бітімгерлік "Мызғымас бауырластық - 2012" оқу-жаттығуы өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы BNews.kz ақпараттық агенттігі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

"Жалпы манверлерге шамамен 950 адам, 70 автокөлік пен 35 бронетанкті техника бірлігі, 4 Ми-17 (Ми-8) тікұшағы қатысады. Сондай-ақ, ҚР Қарулы күштерінен 535 адам, 58-ден астам автокөлік пен 24 бронетанкті техника бірлігі, сондай-ақ 4 тікұшақ қатысады. Ресей Федерациясынан 160-тан астам адамнан құралған мотатқыштар батальоны, Армения, Беларус, Тәжікстан елдерінен құрамында шамамен 30 адам бар бітімгерлік бөлімшелер, Қырғыз Республикасынан 50-ден астам әскери қызметкерден құралған тау-атқыштар ротасы қатысады", - делінген ақпаратта.

Оқу-жаттығудың тақырыбы аймақта ұжымдық қауіпсіздікті ҰҚШҰ ұжымдық бітімгерлік күштерінің бейбітшілікті қолдау бойынша операциялар даярлау мен жүргізу арқылы сақтау болып табылады.

Он күн ішінде ҰҚШҰ-ға мүше елдердің әскери қызметкерлері ҰҚШҰ құрамына кіретін шартты елде бітімгерлік миссиясын орындау бойынша оқу - жаттығулар өткізетін болады.

Оқу-жаттығу жоспары бойынша, шартты елде халықаралық экстермистік және лаңкестік ұйымдарға қарсы әрекеттер қабылданады.

17 қазанда өтетін оқу-жаттығуға Бейбітшілікті қолдау жөніндегі БҰҰ операциялар департаменінің , Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның, ТМД атқарушы комитетінің өкілдері, сондай-ақ, ҚР-да аккредитациядан өткен дипломатиялық корпус шақырылды.

Оқу -жаттығу екі кезеңде өтеді. Бірінші кезеңде операцияға дайындық жасалса, екінші кезеңде операцияның өзі іске асады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны