13.06.2014, 21:50 3065

Қазақстанда мүгедектерге түрлі қызмет көрсету қайта қаралады - С.Жақыпова

"Осы мәселелер бойынша мүгедектерді әлеуметтік қолдау туралы заңға және денсаулық сақтау жүйесіндегі халықтың денсаулығы туралы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгіземіз", - дейді.

Алматы. 13 маусым. Kazakhstan today. Бүгін ҚР "Мүгдектерді әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасын талқылау бойынша сараптамалық топтың бірлескен селекторлы отырысында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова Қазақстанда мүгедектерге түрлі қызмет қолжетімділігінің қайта қаралатынын айтты.

"Ұсынылған нормалардың басым бөлігі мүгедектердің әлеуметтік, қоғамдық нысандар мен көлік инфрақұрылымына кедергісіз қол жеткізу мәселесін қарастырып, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді орта қалыптастыру, мемлкеттік қызметті қосқанда өзге де түрлі қызмет түрлерімен қамтамсыз ету, соның ішінде сот өндірісінде құқықтық көмек көрсету үшін заңды тұлғалар міндетінің жауапкершілігін арттыру жайы ескерілген", -дейді С.Жақыпова.

Оның айтуынша, мүгедектерге медициналық қызмет көрсету мен медициналық бейімдеудің қолжетімділігі мәселесі, сонымен қатар медициналық-құтқару сараптамасын жетілдіру жайы да назардан тыс қалмады.

"Осы мәселелер бойынша мүгедектерді әлеуметтік қолдау туралы заңға және денсаулық сақтау жүйесіндегі халықтың денсаулығы туралы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгіземіз", - дейді.

Айта кету керек, ұсынылып отырған Заң жобасы ҚР-ның 7 Кодексі мен 24 Заңына (112 түзету) өзгертулер мен толықтырулар енгізуді қарастырады. Олар мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүру деңгейін арттыру мен құқықтық көмек көрсетуге бағытталған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны