16.06.2014, 19:52 3253

Қазақстанда мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы бойынша қылмыс 5 есеге артты

"2013 жылы Агенттік мемлекеттік органдармен өзара байланыс орнату арқылы көлеңкелі экономика саласындағы қылмыстарды ашу артты. Сонымен, бүгінде мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы, инвестициялық жобалардағы қылмыстарды әшкерелеу 5 есе өсті", - деді Айвар Боданов.

Алматы. 16 маусым. Kazakhstan today. Қазақстанда мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы бойынша беті ашылған қылмыстардың саны 5 есе өсті. Бұл туралы бүгiн Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары Айвар Боданов мәлім етті.

"2013 жылы Агенттік мемлекеттік органдармен өзара байланыс орнату арқылы көлеңкелі экономика саласындағы қылмыстарды ашу артты. Сонымен, бүгінде мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы, инвестициялық жобалардағы қылмыстарды әшкерелеу 5 есе өсті", - деді Айвар Боданов.

Сонымен қатар, жалған кәсіпкерлік, заңсыз табысты заңдастыру және қылмыстық топтарды құру бойынша үш есе көп қылмыстық іс қозғалды, - деп ол толықтырды.

"Бұдан басқа, жалған банкроттық жариялау, валюталық табысты қайтармау, контрафакт өнімін өндіру, салықтан жалтару, ҚҚС заңсыз қайтару және экономикалық контрабанданы әшкерелеу екі есе өсті", - деді ол.

Өз кезегінде Бас прокурор Асхат Дауылбаев құқық қорғау және уәкілетті органдардан бірлесіп жұмыс істеуді нығайтуды тапсырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны