01.09.2010, 12:41 3548

Қазақстанда нан мен ұнның тұрақты бағасы сақталады - елбасы

Қазақстанда нан мен ұнның тұрақты бағасы сақталады. Бұл туралы бүгін төртінші сайланған ҚР Парламентінің төртінші сессиясын ашу барысында елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 1 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда нан мен ұнның тұрақты бағасы сақталады. Бұл туралы бүгін төртінші сайланған ҚР Парламентінің төртінші сессиясын ашу барысында елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Ағымдағы жылғы құрғақшылықтың салдарынан Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарындағы астық егісінің бір бөлігі зардап шекті. Бірақ, мен өзім еліміздегі астықты өңірлерді аралап көрдім және бұл бағытта ел азаматтарының алаңдауына негіз жоқ деп санаймын", - деді Н. Назарбаев.

"Елімізде астық жеткілікті. Нан болады, өткен жылғы қалдықтарды есепке алғанда астық экспортының әлеуеті де былтырғы деңгейде сақталады",- деп хабарлады елбасы.

"Біз нан мен ұнға ішкі бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ететін боламыз",- деп атап көрсетті елбасы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны