31.10.2007, 18:27 6118

Қазақстанда "Наркощит" іс-шарасы барысында 800 кг жуық әртүрлі есірткі тәркіленген

Қазақстанда "Наркощит" іс-шарасы барысында 800 кг жуық әртүрлі есірткі тәркіленген.

Астана. 31-қазан. "Қазақстан Бүгін" - "Наркощит" іс-шарасының 3-қыркүйек пен 21-қазан аралығында жүргізілген екінші кезеңі барысында 800 кг жуық әртүрлі есірткі тәркілеген, соның ішінде 1,8 кг героин, 795,7 кг марихуана. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің есірткі бизнесімен күрес және есірткі айнылымын бақылау комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеменің баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, полицейлер 364 есірткі қылмысын анықтаған, соның ішінде 149 сату дерегі, 3 есірткі контрабандасы және 7 жезөкшелер ұясын ұстау дерегі.

Баспасөз қымзетінің хабарлауынша, Оңтүстік-Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің "Оңтүстік" бөлімшесі жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында Өзбекстаннан есірткі тасымалдау арнасын жойып, оны ұйымдастырушы - Өзекстан азаматын ұстаған.

Іс-шара жүргізу кезінде тұрғындардың әртүрлі топтары арасында есірткі құмарлықтың алғашқы алдын алу жөніндегі 14,7 мың адамды қамтыған 412 жаппай іс-шара жүргізген. Республикамыздың жоғарғы оқу орындары мен мектептерінде "Жастар және есірткі", "Мен өмірді таңдаймын" тақырыптарында әртүрлі байқаулар, іс-шаралар мен кездесулер жүргізілген.

Полицейлердің хабарлауынша, көліктегі орталық ішкі істер департаментінің есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері вокзалдарының ғимараттары мен жолаушылар поездерінде, күту залдарында үнемі бейнероликтер мен деректі фильмдер көрсетуді ұйымдастырып отырған.

Аталмыш іс-шара заңсыз есірткі айналымының алдын алуға, профилактика жөніндегі жұмыстарды пәрмендендіруге және тұрғындарды қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етуге бағытталған, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің есірткі бизнесімен күрес және есірткі айнылымын бақылау комитетінің баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны