01.08.2012, 23:05 3507

Қазақстанда NIF$50K инновациялық бизнес-жобалар республикалық байқауына өтініш қабылдау жалғасуда - баспасөз баяны

Байқаудың мақсаты - тұрғындардың инновациялық белсенділігін арттырып, инновациялық кәсіпкерлікті насихаттау.

Қазақстанда NIF$50K инновациялық бизнес-жобалар республикалық байқауына өтініш қабылдау жалғасуда, деп хабарлайды "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ баспасөз қызметі.

Байқаудың мақсаты - тұрғындардың инновациялық белсенділігін арттырып, инновациялық кәсіпкерлікті насихаттау.

"НИФ$50К" инновациялық бизнес-жобалардың республикалық байқауы талантты да талапты қазақстандықтарға өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сатылай іріктеулер барысында тиімді инновациялық жобаға қатысушылар мен көрермен бизнес стратегиясын жасау мен экономикалық жоспар құруда, маркетингтік зерттеу жүргізу мен пиар-тұжырымдама жасауда мол тәжірибе алады.

Байқау жеңімпазы 7,5 млн.теңге көлеміндегі грантқа ие болады.

Жобаның қатысушыларын еліміздегі табысты бес бизнесмен таңдайды. Олар әр тапсырмаға қатысты үміткерлерге арнайы сабақтар өткізіп тұрады. Дайындық жұмыстарында әлемдік тәжірибемен қоса, әр кеңесшінің жеке тәжірибесі де қолданылады. Барлық кеңестер жобаны көрерменге әр қырынан ашып, түсінікті етіп көрсетуге бағытталған.

Байқауға инновациялық жоба авторы болып саналатын кәмелетке толған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Өтініштер үстіміздегі жылғы 31 тамызға дейін қабылданады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны