23.09.2008, 16:41 2478

Қазақстанда ойын автоматтарының қожайындары заңнамадағы ақтаңдақты пайдаланып жұмыс істеуде - Туризм министрлігі

Қазақстанда ойын автоматтарының қожайындары заңнамадағы ақтаңдақты пайдаланып жұмыс істеуде - Туризм министрлігі

Астана. 23 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда ойын автоматтарының қожайындары заңнамадағы ақтаңдақты пайдаланып жұмыс істеуде. Бұл туралы бүгін мәжілісте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының таныстырылымы кезінде ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазір ойын автоматтарының қожайындары заңнамадағы ақтаңдақты пайдаланып жұмыстарын одан әрі жалғастыруда", -деді Қ. Өскенбаев.

Оның айтуынша, "ойын автоматтарының қожайындары ақшаның орнына түрлі халық тұтынатын тауарлар, телефон байланысының төлем талондарын, жанармай талондарын таратуда. Өйткені, қолданыстағы заңға сәйкес, құмар ойынына қатысушы ақша алған жағдайда ғана бұл - құмар ойынының басты белгісі болып саналады".

"Осыған байланысты жаңа заң жобасымен заңның әсері аясына ақшалай ұтысы жоқ ойын автоматтарын да қосу қарастырылуда. Сондай-ақ, заң жобасымен ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысуға берілетін лицензия мерзімін 10 жылмен белгілеу жоспарланған ", -деді вице-министр.

"Клиенттің жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заңға қайшы әрекеттердің алдын алу үшін жобада ойын бизнесі мекемелерінің кассалары мен ойын орындарын бейнежазба жүйелерімен жабдықтау көзделуде", - деді Қ. Өскенбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны