23.07.2014, 19:23 3190

Қазақстанда өңдеуші кәсіпорындар "жасыл" сертификаттармен ынталандырылады

"Жасыл" экономикаға өту тұжырымдамасы аясында Қазақстанда өңдеуші кәсіпкерліктердің қызметін ынталандыратын "жасыл" сатып алуды енгізу жоспарлануда.

Алматы. 23 шілде. Kazakhstan today. "Жасыл" экономикаға өту тұжырымдамасы аясында Қазақстанда өңдеуші кәсіпкерліктердің қызметін ынталандыратын "жасыл" сатып алуды енгізу жоспарлануда.

"Құжаттың басты ерекшеліктерінің бірі өңдеуші кәсіпкерліктердің қызметін ынталандыратын "жасыл" сатып алуды енгізу болып табылады. Мысалға, бұл негізінен өткелдер мен жолдар құрылысына қатысты. Қазіргі таңда жылуизоляциялаушы материалдар көптеп шығарылуда", - дейді ҚР ҚОСРМ Қалдықтарды басқару департаменті директорының міндетін атқарушы Айдар Махамбет.

Оның айтуынша, батыс елдерінде өңдеуші кәсіпкерліктердің қызметін ынталандыратын "жасыл" сертификаттау жүйесі енгізілген. Айта кету керек, Қазақстанда қазіргі таңда "CT-KZ" сертификаты бар.

"Жоспар бойынша "жасыл" сертификат беру жобасы алдағы уақытта кәсіпкерлікті ынталандыруда пайдаланылмақ. Олар шартты жеңілдіктер алып, мұндай кәсіпкерліктерге қарсы ерекше режим пайдаланылады", - дейді ол.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 9 маусымындағы №634 Қаулысындағы ҚТҚ басқару саласын жетілдіру мақсатында 2014-2050 жылдарға арналған қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту бағдарламасы қабылданды. Қазіргі таңда Қазақстандағы жинақталған ҚТҚ жалпы көлемі шамамен 100 млн тоннаны құрайды.

"Біріншіден, мынадай мақсат қойылып отыр: 10 пайыздық деңгейден бастап 2020 жылға қарай биолоиялық қалдықтарды жинау үлесін 2050 жылға дейін 80 пайызға жеткізу көзделген. Екіншіден, қалдықтардан "жасыл" энергия өндіру көлемін арттыру көрсеткіші", - дейді.

Бағдарламаның іске асырылуы ҚТҚ пайдалану саласындағы көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, екінші деңгейдегі материалдық ресурстарды жинау мен өңдеу сапасын жақсартады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны