26.11.2009, 18:56 3461

Қазақстанда өндірістік альпинизм саласындағы еңбек қауіпсіздігі мен қорғауды қамтамасыз ету жөнінде нормативтік-құқықтық актілер жасалады

Қазақстанда өндірістік альпинизм саласындағы еңбек қауіпсіздігі мен қорғауды қамтамасыз ету жөнінде нормативтік-құқықтық актілер жасалады

Алматы. 26 қараша. Kazakhstan Today - Қазақстанда өндірістік альпинизм саласындағы еңбек қауіпсіздігі мен қорғауды қамтамасыз ету жөнінде нормативтік-құқықтық актілер жасалады. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Оның айтуынша, Бас прокуратураның өндірістік альпинизм саласындағы еңбек қауіпсіздігі мен қорғауды қамтамасыз ету жөнінде нормативтік-құқықтық реттеу мәселелеріне қатысты ұсыныстары да үкіметтен қолдау тапты.

Ағымдағы жылдың тамыз айында Алматы қаласындағы "Есентай Тауэрс" іскерлік орталығына қызмет көрсету кезінде қайғылы жағдай орын алып, 4 альпинисттің өмірін қиып кеткені естеріңізде болар. Қайғылы оқиғаның негізгі себептерінің бірі осы салада жұмыс істейтіндердің еңбегін бақылау мен қорғауды қамтамасыз ететін талаптар бекітілген құқықтық актілердің жоқтығы болып табылады.

Премьер-министрдің хабарлауы бойынша, ағымдағы жылдың аяғына дейін Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік өндірістік альпинизм әдісімен биіктікте жұмыс істеудің өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бекітетін болады.

Құрылыс және тұрғын-үй шаруашылығы істері жөніндегі агенттік пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2010 жылы биік ғимараттардың құрылысы мен оларды қолдану барысында техникалық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық стандарттарға сәйкестендірілген нормалар мен ережелерді әзірлейтін болады.

Өндірістік альпинизм жұмыстар мен мамандықтардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамасына енгізілетін болды және бұл өндірістік альпинистердің қауіпсіздігі мен олардың еңбегінің тиісті деңгейде қорғалуын қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны