15.07.2013, 13:18 4499

Қазақстанда өнімді қайта өңдеу үшін электрондық рұқсаттар беру басталды

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандьыру шеңберінде ҚР ИЖТМ Өнеркәсіп комитеті электрондық форматта 3 мемлекеттік қызмет көрсетуді, олардың ішінде өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру бар, деп хабарлады Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі.

Астана. 15-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстанда өнімді қайта өңдеу үшін электрондық рұқсаттар беру басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандьыру шеңберінде ҚР ИЖТМ Өнеркәсіп комитеті электрондық форматта 3 мемлекеттік қызмет көрсетуді, олардың ішінде өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру бар, деп хабарлады Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің баспасөз қызметі.

"ҚР ИЖТМ Өнеркәсіп комитеті www.elicense.kz порталы және халыққа қызмет көрсету орталықтары бойынша (ХҚКО) мемлекеттік қызметтерді электрондық формат арқылы көрсетуді бастады. Рұқсат құжаттары мынадай: Қазақстан Республикасының Кепілдік міндеттемесі (түпкі пайдаланушы сертификаты); экспорттық бақылауға жататын өнімге тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, қызметтерді, ақпаратты жатқызу туралы қортынды беру; өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру", - делінген ведомство мәлімдемесінде.

Қазіргі уақытта Өнеркәсіп комитеті өтініштерді қағаз және электронды түрде қабылдайды. Азаматтар электронды түрде www.elicense.kz порталының "Рұқсаттар" бөлімінде өтініштерін жіберуіне болады.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасының кепілдік міндеттемесі және Өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру белгіленген үлгідегі бланкта беріледі.

Өз кезегінде, экспорттық бақылауға жататын өнімге тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, қызметтерді, ақпаратты жатқызу туралы қорытынды беру электронды түрде құпия кодымен алынады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын және қолжетімділігін қамтамасыз ету бұдан әрі жалғастырылатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны