28.09.2009, 16:40 3276

Қазақстанда өткен аптада 176 есірткі қылмысы, оның ішінде 55 есірткі сату фактісі анықталды

Қазақстанда өткен аптада 176 есірткі қылмысы, оның ішінде 55 есірткі сату фактісі анықталды

Астана. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстанда өткен аптада 176 есірткі қылмысы, оның ішінде 55 есірткі сату фактісі анықталды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Апта ішінде 1877 қылмыс жасалып, оның ішінде "ізі суымай" 1483, сондай-ақ бұрын жасалған 395 қылмыс ашылды. 434 күдікті қылмыскер қылмыс жасағаны үшін іздестірілді. 176 есірткі қылмысы, оның ішінде 55 есірткі сату фактісі анықталды. Ақтау қаласы тұрғынының пәтерінен 170 грамм героин тәркіленді. Маңғыстау облысында ауыл тұрғынынан 278 грамм осындай есірткі алынды",- деді Қ.Жұманов.

Оның айтуынша, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша 15 қылмыстық іс қозғалды, ұйымдасқан қылмыстық топтардың 3 қатысушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылып, ҰҚТ-ның іздестіруде жүрген 1 қатысушысы ұсталды. ШҚО Риддер қаласында есірткі жеткізумен және оны сатумен айналысқан, үш әйел адамнан тұратын қылмыстық топ анықталып, заласыздандырылды. Топты қаланың 55 жастағы тұрғыны басқарған. Ақмола облыстық ІІД-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы облыста жылжымайтын мүлікті заңсыз сатумен байланысты алаяқтықпен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты анықтап, заласыздандырды, топты Степногор қаласының 58 жастағы тұрғыны басқарған. Топтың құрамында адвокат пен нотариус та болған. Петропавловск қаласында бұрын сотталған, ұйымдасқан қылмыстық топтың 45 жастағы қатысушысы ұсталды, ол "Чуйский" деген лақап атпен белгілі болған және одан 4 грамм героин табылып, алынды. Алматыда қаланың екі тұрғыны ұсталды, олар ЖШС бірінің директорының орынбасары мен оның отбасына қатысты зорлық-зомбылық жасамақ болып қорқытып, соңғысына криминалдық "қамқорлық" көрсетуді ұсына отырып, 2000 АҚШ долларын бопсалаған, делінген ІІМ хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны