08.07.2014, 20:47 3020

Қазақстанда өткен аптада бірқатар тағайындаулар жасалды

Мемлекет басшысының Өкімімен Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

Алматы. 8 шілде. Kazakhstan today. Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Баймолдаұлы Онжанов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімімен Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды;

Асқар Ахметұлы Мусинов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды;

Ибдірашит Төлегенұлы Жүкенов Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Мемлекет Басшысының Жарлығымен Ержан Хозеұлы Қазыханов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен босатылды.

Бұған қоса, Мемлекет басшысының Өкімімен Айбар Жиреншеұлы Боданов Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны