01.06.2015, 13:10 4136

Қазақстанда өткір ішек инфекцияларыныӊ профилактикасы бойынша онкүндік басталды

Ағымдағы жылғы 1-10 маусым аралығында ҚР ДСИДМ Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығыныӊ ұйымдастыруымен өткір ішек инфекцияларыныӊ профилактикасы бойынша онкүндік өтеді

Астана. 01 Маусым. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылғы 1-10 маусым аралығында ҚР ДСИДМ Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығыныӊ ұйымдастыруымен өткір ішек инфекцияларыныӊ профилактикасы бойынша онкүндік өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған іс-шара мақсаты - өткір ішек инфекциясыныӊ таралу жолдары, инфекция жұғуыныӊ алдын алу жөніндегі шаралар, жеке және қоғамдық гигиенаны сақтау, балалар мен жасөспірімдерді жеке гигиенаны сақтауға дағдыландыру, тұрғындардыӊ, жұмыс берушілердіӊ, жұмыскерлердіӊ және ата-аналардыӊ денсаулық сақтау және нығайтуда жауапкершілігін арттыру жөнінде халықтыӊ ақпараттылық деӊгейін арттыру.

Онкүндік аясында еліміздіӊ барлық өӊірлерінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында өткір ішек инфекцияларыныӊ алдын алу жөнінде терапевтердіӊ, жалпы тәжірибе дәрігерлерініӊ, педиатрлар кеӊес беретін ашық есік күндері ұйымдастырылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымыныӊ (ДДҰ) "Салауатты жұмыс орындары", "Денсаулықты нығайтуға ықпал ететін ауруханалар", "Салауатты университеттер" жобалары шеӊберінде мектепке дейінгі балаларға арналған ұйымдардыӊ, лагерьлердіӊ, балалар үйлерініӊ, интернаттардыӊ, кәсіпорындардыӊ, ұйымдардыӊ қызметкерлері үшін оқыту семинарлары мен тренингтер өтеді.

Өткір ішек инфекциялары - асқазан-ішек жолдарын улап, зақым келтіретін аурулар тобы. Сілекейі және асқазан сөлі әлсіз бактерицидтік қасиетке ие болғандықтан, бұл дертке көбінесе балалар жиі шалдығады.

Антисанитариялық жағдайлар, жеке гигиена ережелерін сақтамау, дұрыс сақталмаған немесе даярланбаған зарарлы азық-түлікті тұтыну ішек инфекцияларыныӊ жұғуына әсер етеді.

Өткір ішек инфекциясымен ауыру еӊбекке қабілеттілікті жоғалтуға, ұзақ емделуге және оӊалтуға әкеп соғады. Өзін-өзі емдеу, медицина қызметкеріне дер кезінде жүгінбеу аурудыӊ асқынуына әкеледі.

ҚР ҰЭМ Тұтынушылардыӊ құқықтарын қорғау комитетініӊ мәліметі бойынша 2014 жылы өткір ішек инфекциялары түрлерініӊ 13170 оқиғасы ( 2013 жылы - 14722 оқиға) тіркелді. Оныӊ ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында - 9780 оқиға (2013 жылы - 10833 оқиға). Сальмонеллёз инфекциясы мен ауыз арқылы жұғатын вирустық энтериттіӊ төмендегені байқалады.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны