01.07.2008, 15:54 1182

Қазақстанда "Өзара ықпалдастық - 2008" жаттығулары аясында Қазақстан - Ресей тактикалық жаттығулары өтеді

Қазақстанда "Өзара ықпалдастық - 2008" жаттығулары аясында Қазақстан - Ресей тактикалық жаттығулары өтеді

Астана. 1 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Шілденің 3-13 аралығында Жамбыл облысының Қордай ауданының Гвардейский ауылындағы құрлықтағы әскерлердің оқу орталығында "Өзара ықпалдастық - 2008" жаттығулары аясында десант түсіру және әскери ату қарастырылған Қазақстан - Ресей тактикалық жаттығулары өтеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенер болсақ, Қазақстан Қарулы күштерінің атынан жаттығуға аэроұтқыр әскерлердің десантшылары қатысады. Ал Ресей Федерациясынан жаттығуға Ресей Қарулы күштерінің Иуе-десант әскерінің әскери қызметкерлері келеді.

"Жаттығулардың белсенді бөлігі 11 шілде күні болады. Оның барысын екі елдің қорғаныс министрлері - Даниал Ахметов пен Анатолий Сердюков бақылайды деген жоспар бар. ҚР Қарулы күштері мен РФ Қарулы күштерінің құрамалары мен бөлімдері бірлесе пайдаланылуы мүмкін өңірдегі қарқыны төмен қарулы қақтығыс пайда болған жағдайда және әскери-саяси ахуалдың даму жағдайының болуы мүмкін жолы жаттығуларға негіз болған", - деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны